330
COVID-19: Атырау облысы "қызыл" аймақтан шықты, оның орнын басқа өңір басты
COVID-19: Атырау облысы "қызыл" аймақтан шықты, оның орнын басқа өңір басты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Кеше, яғни 11 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары болған еді.
Бүгінгі матрица Атырау облысының «қызыл» аймақтан шығып, оған Қостанай облысының енгенін көрсетіп тұр.
Ал «сары» аймақта Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.
Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.