"Сол ән санамда сайрап тұрады": Элизабет Тұрсынбаева Бурабай көлінде Димаштың әніне би биледі

"Сол ән санамда сайрап тұрады": Элизабет Тұрсынбаева Бурабай көлінде Димаштың әніне би биледі

"Сол ән санамда сайрап тұрады": Элизабет Тұрсынбаева Бурабай көлінде Димаштың әніне би биледі
ашық дереккөзі
414
Танымал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Димаш Құдайбергеннің әніне Бурабай көлінде би билеп, көпшіліктің қошеметіне ие болды. «Кеше тұңғыш рет Бурабайға барып қайттым. Тұмса табиғаттың көркін тамсанумен бірге уақытты жақсы өткіздім. Армандарымның бірі орындалды: мен көлде Димаш Құдайбергеннің «Біл» әнінің сүйемелдеуімен би биледім. Кейінгі кезде сол ән санамда сайрап тұратын болыпты», - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы Instagram парақшасында. Элизабет Тұрсынбаеваның жанкүйерлері жазба астында жағымды пікір қалдырып жатыр. Керемет көрініс, ертегідегідей деген пікірлерді көріп, бидің көпшілікке ұнағанын аңғаруға болады. Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде дүниеге келген. Қазақстанның атынан (оның ішінде Қызылорданың) өнер көрсетеді. Мәнерлеп сырғанаушы төрт айнала (сальх) секіріп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, ал 2019 жылы төрт құрлықтың чемпионатында топ жарған. Ол қазіргі уақытта әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына кіреді.  

Серіктес жаңалықтары