Диетолог мерекелерден кейін тез арықтауға көмектесетін өнімдерді атады

Диетолог мерекелерден кейін тез арықтауға көмектесетін өнімдерді атады

Диетолог мерекелерден кейін тез арықтауға көмектесетін өнімдерді атады
ашық дереккөзі
Мерекелік отырыстардан кейін тез салмақ тастау үшін күнделікті рационға куркума қосылуы керек, өйткені бұл дәмдеуіш арықтауға және жастықты сақтауға көмектеседі. Бұл туралы диетолог Лола Биггс мәлімдеді. "Куркума шайын ішіп  көріңіз, сондай-ақ, бұл дәмдеуішпен жұмыртқа омлетін, қуырылған көкөністерді дәмдеңіз", — деп келтірді The Sun диетологтың сөзін. Сарапшы салмақ тастағысы келетіндерге көкөністерді, соның ішінде брокколиді үнемі тұтынуға кеңес береді. Көкөністің бұл түрі теріге балғындық пен серпімділік беріп қана қоймайды, сонымен қатар құрамында талшық көп болғандықтан салмақтың азаюына ықпал етеді. Сондай-ақ, қандағы қанттың төмен деңгейін сақтауға көмектеседі, құрамында А, Е және мырыш дәрумендері бар. Маманның сөзінше, авакадо да арықтауға көмектеседі. Өнім шаш пен терінің сапасына жағымды әсер етеді, ерте қартаюмен күреседі және метаболизмді жақсартады. Сонымен қатар дәрігер жидектерді жеуге кеңес берді. Атап айтқанда, шие, көкжидек және қызыл қарақаттың пайдасы мол. Өйткені олар төмен калориялы және С дәруменіне бай. Бұған қоса, Биггс артық салмақпен күресте майлы балықтар — ақсерке, бақтақ, скумбрияның пайдалы екенін еске салды. Оның сөзінше,балықтың бұл түрлері омега-3-ке бай. Айта кетерлігі, Nutrition журналының жақында жүргізген зерттеуі балық сиыр еті немесе шошқа етіне қарағанда артық салмақпен күресте пайдалырақ екенін растаған еді.