Ресейлік медиаменеджер Арман Дәулетяров Instagram-да «Муз-ТВ» арнасының бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді.
«МУЗ-ТВ-дағы қызметімнен кетемін, бірақ жүрегім мен жаным сонда мәңгі қалады», – деп жазды Дәулетяров.
Оның айтуынша, қазір арна «өзінің шыңында», сондықтан «жан тыныштығымен» кететін уақыт келді.
«Мен Муз-ТВ арнасының бастауында тұрдым, ол өзінің алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде арнадағы жұмысым басталды. 25 жылдың 20-сын бірге өткіздік, бізбен бірге әртістер мен көрермендердің бірнеше буыны өскеніне қуаныштымын. Арнаның барлық қызметкерлеріне адалдығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтамын. Сіздер әрқашан менің сенімді тірегім болдыңыздар», — деді Дәулетяров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram