Қазақстанда қанша кинотеатр нарықтан кеткені белгілі болды

Қазақстанда қанша кинотеатр нарықтан кеткені белгілі болды

Қазақстанда қанша кинотеатр нарықтан кеткені белгілі болды
ашық дереккөзі
255
Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін. Отандық кинотеатрлар қанатын кеңге жаймастан, тағы 3-5 айға есігін жабуға мәжбүр,  деп хабарлайды «Хабар 24». Биылғы Жаңа жыл мерекесі сала үшін әдеттегідей табысты болған жоқ. Репертуар бай емес, көрермен саны да бұрынғыдан анағұрлым аз. Киногерлер де өнімін жарыққа шығаруға асығар емес. Кіріс түспей қала ма деп қорқады. Биыл 15-ке тарта отандық фильм түсірілген екен. Шетелдік туындылар да күзде ғана көпшілікке ұсынылмақ. Бір сөзбен айтқанда, кино жоқ. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, кинозалдағы көрермен санын 50 процентке жеткізсе, премьералар да көбейер еді. Қазір елдегі кинотеатрлардың 70 проценті ғана жұмыс істеп тұр. Қалғаны нарықтан мүлде кеткен.

Серіктес жаңалықтары