Сайлау-2021: «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорының дауыс беру қорытындысы

Сайлау-2021: «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорының дауыс беру қорытындысы

Сайлау-2021: «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорының дауыс беру қорытындысы
ашық дереккөзі
«Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры, дауыс беру күні Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарда экзит-полл өткізді. Әдіснамаға сәйкес, интервьюерлер дауыс беріп болған азаматтардан сайлау учаскесінің шыға берісінде жауап алды. Қатысушылар сауалнамадағы дайын қысқа сұрақтарға жауап берді. Оның нәтижелері мынадай. Сайлаушылардың 73,75% өз дауыстарын билеуші «Nur Otan» партиясына бергендерін мәлімдеді. Exit-poll мәліметтері бойынша "Ақ жол" партиясына респонденттердің 10,13 % дауыс берген. Сауалнамаға қатысқандардың 8,17 % "Қазақстанның халық партиясын таңдаса, 4,8 % өз дауысын «Ауыл» партиясына бергенін мәлімдеді. Ал, «Adal» партиясы 3,15 % қолдауға ие болды. Сауалнама еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 170 сайлау учаскесінде бүгін күні бойы жүргізілді. Интервьюерлер 102 қалалық және 68 ауылдық жерлерде жұмыс істеді. Барлығы 34 мың сайлаушыға сұрау салынды. Қателік коэффициенті 1,2% құрайды.