Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды
ашық дереккөзі
Сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы, ADAL саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы» өз кандидаттарын ұсынған. Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл»  партиясынан – 19; Nur Otan партиясынан – 126; ADAL саяси партиясынан – 16; Қазақстанның «Ақ жол» партиясынан – 38 «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар. Жергілікті мәслихаттарға – 832, оның ішінде «Ауыл» – 158, Nur Otan – 216, ADAL – 215, «Ақ жол» – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді. Сайлау сағат 7.00-20.00 аралығында өтеді. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де – ред.) ашылды.