Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды

Сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы, ADAL саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы» өз кандидаттарын ұсынған.

Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде:

«Ауыл»  партиясынан – 19;

Nur Otan партиясынан – 126;

ADAL саяси партиясынан – 16;

Қазақстанның «Ақ жол» партиясынан – 38

«Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар.

Жергілікті мәслихаттарға – 832, оның ішінде «Ауыл» – 158, Nur Otan – 216, ADAL – 215, «Ақ жол» – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді.

Сайлау сағат 7.00-20.00 аралығында өтеді.

Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де – ред.) ашылды.

Back to top button