8 жыл жыр болған «Жағалау-3» тұрғын үй үлескерлері үйлеріне кірді

8 жыл жыр болған «Жағалау-3» тұрғын үй үлескерлері үйлеріне кірді

8 жыл жыр болған «Жағалау-3» тұрғын үй үлескерлері үйлеріне кірді
ашық дереккөзі
520
Үлескерлер «Жағалау-3» тұрғын үй кешені, 30-блоктың құрылысын сегіз жыл күтті, деп хабарлайды Елорда әкімдігі. Бұл тұрғын үй кешеніне жаңа жыл қарсаңында 600-ден астам отбасы қоныстанды. Елорда әкімдігі жұмыстың нәтижелі аяқталуы үшін ұйымдастырушылық, құқықтық және инженерлік сипаттағы көптеген қиындықтарды шешті: үйдің қасбетінің жұмысы, қажетті инфрақұрылымды жүргізу (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз, электр жүйесі), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифт орнату, құжаттардың толық тізбесін қалпына келтіру, абаттандыру және т.б. Тұрғындардың айтуынша, қазіргі уақытта үйді пайдалануға қатысты техникалық және құқықтық қиындықтардың бәрі шешілді. «Бізге көмек қолын созған мемлекетке алғысымыз шексіз. Биліктің қолдауының арқасында қазір толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Бүгінге дейінгі құрылыстың аяқталуына қатысты сенімсіздік, үмітпен қарау, қиналғанымыз, бәрі артта қалды. Жаңа жыл қарсаңында жылы, жайлы пәтерлерге көшіп, өмірімізді таза парақтан бастағандай болдық», — дейді «Жағалау-3» ТК, 30-блок тұрғыны Меруерт Серікбаева. Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл қарсаңында қаланың басты ұзақ құрылыстарының бірі аяқталып, тұрғындар қоныс тойын тойлады. «Жағалау-3» ТК, 30-блогының құрылысы сегіз жылға созылды.  

Серіктес жаңалықтары