388
Құрманғазыда сайлауалды штаб құрылды
Құрманғазыда сайлауалды штаб құрылды
«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында сайлауалды штабы ашылды. Оның құрамында 15 адам бар.
Бұған дейін «Nur Otan» партиясы іріктеуіне еліме, туған жеріме қызмет етсем, өркендеуіне үлес қоссам деген адамдардың бәрі қатысты.
Өмірболат ЕСЕНҒАЗИЕВ, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Праймеризге 46 адам түсіп, 36-сы аяғына дейін бағын сынады. Бәрі де басқару жүйесінен аз да болса мәлімет алды. Алға қарай осылай істесем деген мақсат қойды. Бірінші рет қатысқандар халықтың алдына шығып сөйлеуді үйреніп, мұң-мұқтажымен танысты. Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың 30 пайызы әйелдер, 25 пайызы жастар болуы керектігін айтты. 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламамыз бар, күні кеше партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің алдында қорғап келдік.Қазір аудан бойынша 26 адам партиялық тізімге еніп тұр. Ашылған үйлестіру штабы оларға бағыт-бағдар береді. Барлық үміткерлер штабтарының үгіт-насихат жұмыстары 10 желтоқсаннан басталып, 2021 жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасады. Сенімді тұлғалар сайлауалды насихаттар жүргізіп, жергілікті жерлерде кандидаттар мүдделеріне өкілдік етеді. Әрбір үміткермен тікелей байланыста болу үшін «WhatsApp» әлеуметтік желісінде «Кандидаттар» деген топ ашылған. Онда кім, қашан, қайда кездесуге баратыны жасақталған кесте салынған.
Есболат ҚҰБАШЕВ, сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100 пайызға қамтуға тиіспіз. Бұл үшін партияластар, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысады деген үміттеміз. Пандемияны ескере отырып, қарқынды жұмыс жүргіземіз. Бірінші кезекте тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін қабылдап, сайлау заңдылықтарын түсіндіретін боламыз.
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді.