Қарағанды облысында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Қарағанды облысында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Қарағанды облысында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады
ашық дереккөзі
292
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен бірге Қарағанды облысына келді. Штаб мүшелері облыстағы бірнеше аудан және қалаларын аралап, халықпен кездесті. Бауыржан Қыдырғалиұлы бастаған топ «Арселор Миттал Теміртау» металлургтарымен және «Қазақмыс»-қа қарасты Нұрқазған кен байыту комбинаты жұмысшыларымен, «Global City» көтерме-бөлу орталығының базасында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірді ары қарай дамыту жайын талқылады. Кездесу барысында Бауыржан Қыдырғалиұлы алдағы 5 жылда облыста кемінде 150 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 2,5 мың км автожол салу және жөндеу, 176 ауылдың тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын және жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа микронесие берілетінін, оның ішінде жалпы сомасы 250 млрд. теңге 42 мың ауыл тұрғынына ұсынылатынын айтып өтті. Уақыттың тығыздығына, күннің аяздығына қарамай кешкісін қарағандылық «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен кездесті. «Басқа аймақтарда да жастармен кездестім. Олармен кездескен соң сендерге соқпай кете алмадым. Ренжіп қаласыңдар ғой» деді Бауыржан Қыдырғалиұлы. Жастар үгіт-насихат кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жастар үшін барлық жағдайды жасап, қолдау көрсеткені үшін Елбасыға алғыстарын білдірді.  width= ««Jas Otan» жастар қанатының облыс бойынша төрағасы Ержан Хамитов: «Жастар үшін керекті әрі мотивациялық кездесу болды. Әттең карантин шараларына байланысты аз ғана топты жинауға мүмкіндік болды. Дегенмен, облыс бойынша 800-ден аса үгіт-насихат жұмысына бір ай бойы етене ат салысқан  жас достардың барлығына Бауыржан Қыдырғалиұлы зор алғысын білдірді» 40 минутқа созылған кездесуді жас әнші Сұлтан Тлеубеков Абай атамыздың «Сегіз аяқ» әнін орындап берді. Сұлтанның әнді нақышана келтіріп орындағанына риза болған Бауыржан Қыдырғалиұлы үстіндегі бомберін сыйға беріп, ризашылығын білдірді.  width= Бауыржан Қыдырғалиұлына қатысқан жастарға табыс тілеп, баршасына алғысын білдірді.  

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді

Серіктес жаңалықтары