Тілектес Серікбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды. Талғат Бабашұлы бағдарлама аясында Саран қаласында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.
Сөз сөйлегендердің әрқайсысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту екеніне басты назар аударды.
Іс-шараға қатысушылар да өз ойларымен бөлісті. Қала тұрғындарының атынан қалалық мешіттің имамы Мұхаметқали қажы Сапарғалиұлы, «Саран қаласының мәдениет үйі» КМҚК директоры Феоктистова Людмила Николаевна, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы сөз сөйледі.
Кездесу соңында келген қонақтар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында еліміздің дамуы мен гүлденуін мақсат еткен «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді