Храпуновтарға Швейцариядан саяси баспана берілді

Храпуновтарға Швейцариядан саяси баспана берілді

Храпуновтарға Швейцариядан саяси баспана берілді
ашық дереккөзі
226
Швейцарияның Федералдық әкімшілік соты Храпуновтар отбасына елден саяси баспана беру туралы соңғы шешімді қабылдады. Бұл туралы Лейла Храпунова өзінің Facebook парақшасында жазды. "2020 жылдың 29 желтоқсанында Швейцарияның Федералдық әкімшілік соты Виктор мен Лейла Храпуновтарға оппозициялық-саяси қызметін мойындай отырып, Швейцариядан саяси баспана беру туралы соңғы шешімді қабылдады", - деп жазды Лейла Храпунова. Еске сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Алматы соты оңтүстік астананың экс-әкімі Виктор Храпуновты сырттай 17 жылға, ал әйелі Лейланы 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Тергеу анықтағандай, ерлі-зайыптылар мен олардың сыбайластарының қылмыстық іс-әрекеттерінен келтірілген зиян 250 миллион доллардан асқан. Е рлі-зайыптылар бюджеттік қаражатты ірі көлемде жымқыру, мемлекеттік және коммуналдық меншіктен түрлі жылжымайтын мүліктерді иемдену, пара алу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру бойынша кінәлі деп танылған. Өткен жылдың қыркүйек айында халықаралық журналистік зерттеулер бірлестігі жария еткен есепте Храпуновтар отбасы 14 жылдан бері - 2003-2017 жылдар аралығында шетелдік банктерге 89 миллион доллар аударғаны айтылды. Ал 2019 жылы Швейцария соты Храпуновтың жүздеген доллар жымқырғаны туралы айыптарды жойып, істі тоқтатқан болатын. Бұл хабар швейцариялық-неміс тіліндегі Tages-Anzeiger басылымының сайтында пайда болған.

Серіктес жаңалықтары