Баспанаға мұқтаж жандарды үймен қамтамасыз ету жоспарланды

Баспанаға мұқтаж жандарды үймен қамтамасыз ету жоспарланды

Баспанаға мұқтаж жандарды үймен қамтамасыз ету жоспарланды
ашық дереккөзі
Петропавлда Nur Otan партиясының өкілдері «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының мүшелерін сайлауалды бағдарламамен  таныстырды. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әсем Рахметова, Лилия Баймұратова және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Айгүл Әбдіралиева қатысушыларға стратегиялық жоспардың 7 негізгі бағыты туралы айтып берді. Әсіресе, әлеуметтік салаға ерекше назар аударылды. Әсем Рахметованың айтуынша, Петропавлда 89 көппәтерлі тұрғын үй бой көтеруде, сондай-ақ, аудандарда өзге өңірлерден қоныс аударушылар үшін 1714 жеке тұрғын үй салу жоспарланған.  «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша облыс тұрғындарын кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табады. Баспанаға мұқтаж жандарды үймен қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін кешенді шаралардың нәтижесінде 16,7 мың солтүстікқазақстандық шаңырақ тұрғын үй жағдайын жақсартады. Өз кезегінде қатысушылар медициналық қызметкерлерді қолдау шараларына қызығушылық білдірді. – Партия медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысын жүргізу, сондай-ақ, жыл сайын облыстың емдеу ұйымдарына кемінде 108 жас маманды жұмысқа орналастыруды қарастырады. Бұдан басқа біздің дәрігерлер жүйелі түрде еліміздің жетекші ғылыми орталықтарында біліктілігін арттыратын болады, – деді кандидаттар бір ауыздан. Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар бастауыш ұйым мүшелерін 10 қаңтарда Nur Otan-ға дауыс беріп, партияны қолдауға  шақырды.

Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді