Қарақия ауданында тасымалданатын жүк көлемі 2 есе артады

Қарақия ауданында тасымалданатын жүк көлемі 2 есе артады

Қарақия ауданында тасымалданатын жүк көлемі 2 есе артады
ашық дереккөзі
269
Еліміздегі ірі логистикалық байланыс торабы - «Құрық порты» ұжымымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау, түсіндіру мақсатында облыстық және Қарақия аудандық сайлауалды штаб мүшелері онлайн байланысқа шықты. «ZOOM» платформасы арқылы партияның «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырып, әр бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды түсіндірді. 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол " Қазақстан халқына Жолдауы аясында ірі бизнес-транзиттік аймақтық хабқа айналдыру тұрғысынан, сондай-ақ «Жаңа Жібек Жолы» жобасы шеңберінде «Құрық порты» құрылған болатын. Бүгінде порт  айлағы астық, тыңайтқыштар, мұнай өнімдері, химия­лық заттар, халық тұтынатын тауарлар, машиналар мен түрлі жабдықтар және өзге де жүк түрлерін тиеп-түсіруге негіз­делген қолайлы нысан болып табылады. Жалпы Қарақия ауданында 2 ірі логистикалық байланыс торабы бар. Оның бірі «Құрық» теңіз порты, екіншісі «Болашақ» теміржол стансасы. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономиканы ілгерілету мақсатында шекараның орналасу әлеуетін және Қарақия аймағындағы өнеркәсіптік өндірістің артықшылықтары пайдаланылады. Құрық ауылында сақтау көлемі 3,9 млн тонна болатын теңіздік операцияларды қолдау базасы, жылына қуаттылығы 1,1 млн тонна болатын «Саржа» көп салалы логистикалық орталығы (қойма ғимараты) бой көтереді. Осы жылдан бастап «Жеңіс» кен орнында барлау жұмыстары басталады. Бұл шаралар нәтижесінде тасымалданатын жүк көлемі 2 есеге артады.  width= Ауданда жаңа ілгерінді технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру мен жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жұмысы жалғасады. Осы орайда партия 5 жыл ішінде келесідей жұмыстардың жүзеге асуына ықпал етеді. Бес жыл ішінде ірі қара (түйе) мал саны 15 мың басқа дейін артып, Құрық пен Құландыда 2 малшаруашылығы базасы құрылады. Жетібай ауылында, қуаттылығы 15Мвт болатын 2 жел электрстансасы салынады. Құрық ауылында, жергілікті бақша өнімдерін консервілеу бойынша жылдық қуаттылығы 100 мың банка өндіру және Сенек ауылында, жылдық қуаттылығы 12 мың кг жүн және каракөл терісін өңдейтін цех ашылады. Құрық ауылында астық терминалы мен  жылдық қуатылығы 200-360 мың тонна жүк тиейтін «Портта астық пен сусымалы жүктерді тиеу терминалын» салынады. Бұл шаралар ауыл шаруашылық саласын кешенді қолдауға мүмкіндік береді.  

 «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

     

Серіктес жаңалықтары