Сонымен бірге жиында үміткерлер транзиттік-көліктік жағдайын жақсартылатыны туралы да айтты. Себебі Ақтөбе қаласы елдегі ең ірі теміржол торабының бірі болып табылады. Облыс орталығында республиканың барлық аймақтарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен және Өзбекстанмен байланысқан жеткілікті кеңейтілген теміржол желісі бар.Ақтөбе вокзалы арқылы 36 пойыз өтеді. Олардың 7-і халықаралық, 7-і республикалық, 4-і әлеуметтік маңызы бар ауданаралық «Ақтөбе-Шалқар» қатынасында жүреді.
‒ Теміржол көлігінің инфрақұрылымын жақсарту үшін біp жыл сайын 30 жаңа вагонсатып алу арқылы пойыздарды жаңартатын боламыз. Пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін заманауи жоғары тиімді көліктік жүйелерді енгізеді. Теміржол тұйықтары иелерін сақтау және тарату үшін инфрақұрылымды жетілдіруге көмектесеміз. Бес жыл ішінде теміржол қатынастары бойынша жолаушылар мен жүк ағыны ұлғайтылатын болады.Сонымен қатар бұл бағдарламада әуе көлігінің инфрақұрылымы туралы да жазылған. Халықаралық Ақтөбе Әуежайы республикадағы алғашқы бестік әуежайдың бірі. Күн сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларына 6 ішкі рейспен әуе тасымалы болады. Тұрақты халықаралық рейстер тұрақты түрде шет мемлекеттерге барып тұрады. Әуе көлігі қызметтерін Ақтөбе облысы халқының 40% пайдаланады. «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай әуежайдың ішкі және халықаралық әуе транзиттік тасымалдар жүйесіне тартылуын ұлғайту міндетін алға қояды. Тек осы саладан ғана емес, әріптестерім де өзге саладан да қаламыздың дамитынын жеткізді. Барлықтарыңыз білетіндей біздің партия алдыңғы қатардағы партиялардың бірі. Біз әр ақтөбелікті сайлауда күтеміз,-деді Серік Әліпов.
Кездесу соңында «Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС ұжымының басшылары мен қызметкерлері үміткерлерге алғыстарын білдіріп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі. Қоғамдық көліктің тариф бағасын көтеруге ықпал етулерін сұрап, ұсыныстарын да білдірді.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді