Петропавлда 60 шақырым инженерлік желі жаңғыртылады

Петропавлда 60 шақырым инженерлік желі жаңғыртылады

Петропавлда 60 шақырым инженерлік желі жаңғыртылады
ашық дереккөзі
258
«Nur Otan» сайлауалды штабының мүшелері Анатолий Мишин, Иманғали Татваев және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Анатолий Антонович Казановский осы саланың алғашқы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері болып табылатын теміржол саласының ардагерлер кеңесі арасында үгіт-насихат жүргізді. Бірінші кезекте, партия өкілдері жиналғандарды Петропавлда «Nur Otan» партиясының атқарған жұмыстары туралы хабардар етті. «2016-2019 жылдары Қизатов көшесі, Жамбыл көшесі, Жұмабаев- К. Сүтішев көшелерінің қиылысындағы гүлбақтар, «Ана мен бала» гүлбағы, жарық музыкалық субұрқағы бар «Қызылжар» кешені, 20 шағын ауданындағы мешіт жанындағы аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы ауданы 70 мың шаршы метрден астам 7 гүлбақ салу жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді», - деп атап өтті Анатолий Мишин. Тақырыпты жалғастыра отырып, Анатолий Иванович төрт жыл ішінде ұзындығы 71,8 км 56 көшеге орташа жөндеу жүргізілгенін атап өтті. Осы жылы жалпы ұзындығы 1,9 км Семашко, Алтынсарин және Кеншінбаев көшелерінің үш учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар, бес жылда 454 аулаға асфальт төселді. Алдағы    5 жылға арналған жоспарлар туралы Анатолий Казановский айтып берді.  width= «Петропавл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту үшін «Nur Otan» жоғары вольтты кабельді желілер мен Казахстанская правда көшесіндегі бір трансформаторлық қосалқы станцияны қайта жаңғыртуға, ұзындығы 16,5 км жылумен жабдықтау желілерін салу мен қайта жаңартуға қол жеткізеді, нәтижесінде 30 мыңнан астам қала тұрғыны сапалы жылумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ұзындығы 43,5 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жоспарланған. Аталған шара 70 мыңнан астам адамды сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді - деді партия депутаттығына кандидат. Нәтижесінде 60 км. жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері қайта жаңғыртылатын болады. Бұл 100 мыңнан астам қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. 142 ауланы жөндеу және абаттандыру, 25 тұрақ орны бар 73 аулаішілік өту жолдарына асфальт салу, 20 тұрақ орны бар 69 балалар ойын алаңдарын жайластыру жұмыстары жоспарланған. Кездесу соңында штаб мүшелері жиналғандардынақты істер партиясы - «Nur Otan» өз дауыстарымен қолдауға шақырды.  

«Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары