Елімізде жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа мереке – архивші күні пайда болды. Архившілердің кәсіби мерекесі 22 желтоқсанда ресми түрде атап өтіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Архивші күні – 22 желтоқсан», – делінген Үкіметтің хабарламасында.

Үкімет қаулысы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілетіні айтылады. Құжат еліміздің премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

Back to top button