Қайда болған: ШҚО-да екі апта бойы іздестірілген әйел табылды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелді тапты.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 4 қаңтарда Риддер қалалық полиция бөліміне хабарласқан тұрғын желтоқсан айының ортасында үйден шыққан 36 жастағы қызының сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін айтқан.

Тәртіп сақшылары бірден оны іздеуге көшті. Жоғалған әйел баруы мүмкін жерлердің барлығын тексеріп, оның туыстарынан және таныстарынан сұрастырды.

«Іздестіру шараларының нәтижесінде Риддер қалалық полиция бөлімінің полицейлері әйелді тапты. Ол танысының үйінде қонақта болған екен. Қазір оның үйден не себепті кетіп қалғаны анықталуда», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Back to top button