Қазақстан мұнай өндіруді арттырады

Қазақстан мұнай өндіруді арттырады

Қазақстан мұнай өндіруді арттырады
ашық дереккөзі
320
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қолдарын қойды деп хабарлады ukimet.kz. Меморандум шеңберінде газды өндіру мен мұнайгаз-химия нарықтарын зерттеу саласында ынтымақтастық, қазақстандық кен орындарының мұнай беру көлемін жоғарылату әдістерін зерттеу, тәжірибе мен жаңа технологиялармен алмасу, сондай-ақ энергияның жаңартылатын көздері саласында жобаларды дамыту ықтималдығын зерттеу жоспарланып отыр. «Шелл» компаниясымен, «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» компанияларымен меморандум жасасу мемлекеттік және коммерциялық сектормен әріптестік орнатуының жағымды үлгісі болып табылады. Біз, қазақстандық мұнай-газ саласындағы мамандардың білімі және «Шелл» компаниясының халықаралық тәжірибесі елімізде өндірісті жан-жақты дамытатын энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді деп сенеміз, бұл жалпы алғанда ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігіне өзінің тиімді әсерін тигізеді, - деді өз баяндамасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. «Қол қойылған меморандум шеңберінде біздер мұнай-газ саласындағы қолда бар объектілерді дамытудың ықтимал мүмкіндіктерін зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды, Қазақстанның өндіру саласын дамытудың жол картасы шеңберінде «Шелл» компаниясымен бірлескен жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ энергетикалық технологиялар саласында және жалпы тұрақты энергетиканы дамытуда тәжірибемен алмасуды жоспарлап отырмыз» - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев. «Біз «Шеллдың» Қазақстан Республикасына келгеннен бергі көп жыл ішінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде орнаған өзара қарым-қатынасын өте жоғары бағалаймыз. Біздің компания ҚазМұнайГазбен және Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті бұдан әрі нығайтуға ниетті. Біз, Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және ҚазТрансГаз арасында қол қойылған меморандум арқасында елдің мұнай-газ секторының дамуына қосымша үлес қосуға мүмкіндігіміз болғанына қуаныштымыз. Біз барынша қолдау көрсетуге және газды қайта өңдеу бойынша мүмкіндіктерді зерделеу үшін, мұнай беруді жақсарту және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыруда өзіміздің техникалық алдыңғы қатарлы тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деді өз сөзінде «Шелл» концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун.

Серіктес жаңалықтары