284
Президент Тоқаев бәсеңдеп қалған қандастар көшін қайта жандандыратынын айтты
Президент Тоқаев бәсеңдеп қалған қандастар көшін қайта жандандыратынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қандастар туралы да атап өтті.
«Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді», - деді Президет.
«Бұған қоса соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз», - деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мақаласында.
Сондай-ақ, Президент қандастарды солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына жағдай жасау қажеттігін айтты.
Еске сала кетейік, Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар биыл Тұңғыш Президент Н.Назарбаев алғаш шетелдегі қандастарға арнайы хат жазып, атажұртқа шақырғанына да 30 жыл толды.