Шикізаттың едәуір бөлігі тиісті өңдеусіз делдалдар арқылы нарыққа кетеді

«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Кенжеғали Машырыков «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.

Үгіт-насихат тобы өндірістік кешенмен танысып, «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасының бастамаларын түсіндірді.

«Ауылдықтардың» пікірінше, қайта өңдеу кәсіпорындары АӨК жүйесіндегі негізгі буын, өйткені олар қосылған құн қалыптастырады әрі саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады, екінші жағынан ауыл шаруашылығы өндірушілерінен шикізатты тұрақты сатып алушы. Әйтсе де, бұл салада бірқатар мәселе бар. Бұл – арзан әрі ұзақмерзімді кредиттік ресурстардың қолжетімсіздігі, өтімділікті қолдау үшін «жылдам» ақшаға деген тұрақты қажеттілік, қосылған құн салығын төлеу. Соңғы мәселе «Жайық агро» серіктестігін де айналып өтпеген.

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттығына кандидат Т.Ескендіровтің айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындары шикізаттың 60 пайыздан астамын жеке тұлғалардан сатып алады. Сондай-ақ, қосылған құн салығы ет комбинаттарына жеке қосалқы шаруашылықтарға жақсы баға ұсынуға мүмкіндік бермейді, сондықтан шикізаттың едәуір бөлігі тиісті өңдеусіз делдалдар арқылы нарыққа кетеді.

К.Машырықов мұндай проблемалар Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін екі есе арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға кедергі келтіретінін және осыған байланысты партия АӨК субъектілерін ҚҚС-тан босатуға ұсынып жүргенін айтты.

Сондай-ақ, «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесуде партияның әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы да айтылды.

Back to top button