Алмазбек Атамбаев колонияға ауыстырылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторынан Бішкектегі №47 түзеу колониясына ауыстырылды. Бұл туралы оның жұбайы Раиса Атамбаева айтты, – деп хабарлады 24.kg.

Раиса Атамбаеваның айтуынша, күйеуін Жаңа жыл қарсаңында ауыстырған.

«Бұл туралы ешкім білмеді. 31 желтоқсанда маған және балаларымыз Қадыр мен Әлияға кездесуге рұқсат берді. Сол кезде біз колонияға бардық. Ол емін жалғастырып жатыр. Әрине, бұл колонияда жағдай жақсы: серуендеуге, адамдармен сөйлесуге болады. Алмазбек Атамбаевтың қан қысымы төмен және оған қатты суық тиген. Біз оған ыстық тамақ әкеліп, жылы киім бердік», – деді Раиса Атамбаева басылымға.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық із қозғалды. Оның ішінде 2019 жылы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, жемқорлық жасады және қылмыспен келген табысты заңдастырып алды деген күдікпен ұсталды.

Back to top button