253
"11-қыркүйек"оқиғасын қайталамақ болған
"11-қыркүйек"оқиғасын қайталамақ болған
Қазақстанда ұсталған азаматтар ұшақты алып кетуді жоспарлаған. Бұл туралы ҰҚК антитеррористік орталық штабының төрағасы Сәкен Мыңбаев хабарлады.
Оның айтуынша, радикалдар тобы Алматы облысында Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің әскери бөліміне, күш құрылымдарының қызметкерлері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарулы шабуыл жасамақшы болған.
"18 тамызда Қырғызстанның екі азаматы мен осыған дейін біздің отандастарымыздың өлімі үшін сотталған екі азамат ұсталған болатын. Олар қылмыстық топтың басшысы етіп қырғызстандық азаматты тағайындаған. Қалғандары өз ішінде міндеттерін бөлісіп алған. Бұған қоса, қазақстандық азаматтардың бірі өз-өзін жармақшы болды", - деді спикер Астанада өтіп жатқан брифингте.
"Қоғам арасында шу шығару үшін олар адам көп шоғырланған аймақтарда теракт жасамақшы болды. Сонымен қатар, Талдықорған әуежайын тінтіп, тексеріп онда азаматтық және әскери ұшақты қалай ұшырып кетуге болатынын зерттеген. Олар 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тағы шабуылға ұқсас террористік акт ұйымдастыруды көздеді", - деді Сәкен Мыңбаев.
Мыңбаевтың айтуынша, ұсталған азаматтар террористік акт жасаудан бұрын неліктен шабуыл жасауды жоспарлағанын видеоға түсіріп, Интернетке жүктемекші болған.
Сонымен қатар, ол оқ ататын қаруларды сатып алу үшін ұсталған азаматтардың ақша іздегенін мәлімдеді. "Олар қарақщылық арқылы шаруа қожалығының басшыларынан және микронесиелік ұйымдардың ақшаларын алмақ болды. Тінту жұмыстары барысында өзін-өзі жаруға қажетті химиялық заттар табылды", - деді спикер.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.