Жобаның әлі де жалғаса беруін тілеймін

Жобаның әлі де жалғаса беруін тілеймін

Жобаның әлі де жалғаса беруін тілеймін
ашық дереккөзі
– Құрметті Дүниежүзі қазақтар қауым­­­дастығы, «Отандастар қоры» жә­не халықаралық Túrkіstan апта­лы­ғы! Сіздермен өзара тығыз байланыс ор­ната алғанымызға өте қуаныштымыз. 2020 жылы Беларусь қазақ диас­по­ра­­сы сіздердің өткізіп жатқан барлық онлайн іс-шараларға белсенді қатысып, шетелдегі отандастар мен қандастарға арналған жобаларыңызды тұрақты оқып тұрамыз. «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы» тақырыбындағы эссе, Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж, ұлттық аспаптарды үйрену, ана тілін оқыту сабақтары, сурет салу байқауы және тағы басқа іс-шараларыңызға алғысымыз шексіз. Сонымен қатар ха­лықаралық Túrkіstan апталығы Atajurt айдарының қандастарға арналған материалдар мен шетелде жүріп табысқа жеткен қазақтар жайлы сұхбаттарды қызыға оқимыз. Бізге сондай оқуға жеңіл, ұғынықты. Бұл жобаның әлі де жалғаса беруін тілеймін. Пандемия өзіндік түзетулер енгізгеніне қарамастан жастарға арналған Қазақстанға сапарларымыз, форумдарымыз, кез­десу­леріміз өз жалғасын табады деп сенемін. Келешекте мәдени, гума­нитарлық және зияткерлік жобалар бойынша одан ары тиімді ын­тымақтастықты жалғастырамыз деп үміттемін. Өз атымнан сіздерден қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, тарихи айдарларды зерттеуге арналған білім беру жобаларын енгізулеріңізді сұраймын. Ұлттық тағамдарды дайындау әдістерін үйрету сабағы болса қандастарымыз арасында өз тың­дармандарын табады деп ойлаймын. Ұжымыңыздың осындай қызықты жобаларды жемісті жүзеге асыра беруіне тілектеспін.

Эльвира ЫСҚАҚОВА,

кәсіпкер (Беларусь, Минск қаласы)