Хақ дін қазақ топырағына қалай тарады?

751 жылы Талас өзені бойындағы Атлах шайқасында Қытай басқыншыларына қарсы соғыста түркештерге арабтар көмек қолын созып, нәтижесінде араб-түркеш біріккен қосыны жеңіске жетті. Тарихи деректерде осы Атлах шайқасынан соң түркілердің біртіндеп ислам дінін қабылдай бастағаны айтылады (В.Бартольд, «Туркестан в эпоху монгольского нашествия»). Демек, келер 2021 жылы бабаларымыздың хақ дінді қабылдай бастағанына 1270 жыл толады. Төл тарихымызда маңызды орны бар осы күнді лайықты атап өтіп, ауқымды іс-шаралар өткізудің маңызы үлкен. Бұл тарихымызды танып, дінімізді зерделеп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін аса қажетті қадам. Сол себепті осы мақаламда ислам дінінің Орталық Азияға қалай тарағаны, бабаларымыздың Имам Ағзам жолын неге таңдағаны, Қарахан мен Алтын Орда мемлекеттері тұсында хақ діннің өркендегені, Қожа Ахмет Ясауи мектебінің қалай тамыр жайғанына аз-кем тоқталмақпын.

Әбу Ханифа мәзһабының таралуы

Алғашқы кезде кейбір түркі ха­лық­тарының исламды қабыл­да­ғаннан кейінгі құрған мемлекеттері араб дәстүріне сай құрылды. Мә­се­лен, Мысыр, Шам, Иран топы­рақ­та­рын­да құрылған Толуни (874-905, Сажи (890-929), Ихшид (935-969) мем­лекеттерін құрушылардың зау­заты түркі болғанымен, мемлекет ме­ханизмі толығымен араб дәс­түрі­не негізделді. Түркілердің кейінгі құр­ған мемлекеттері парсы дәс­түрі­не сай құрылды. Олар Қорасан, Си­жис­тан, Мәураннахр аймақ­та­рында құ­рылған Самани (874-1005), Ғаз­науи (962-1186), Тахири (821-873), Мәмуни (995-1017), Алтунташ (1017-1041), Ғұри (1100-1215) се­кіл­ді мемлекеттер еді. Бұл мем­ле­кет­терді де түркілер құрғанымен, жо­ғары саяси ұйымдардың сипатта­ма­сы парсы мүддесі мен дәстүріне сай өрілді. Аталған мемлекеттердің тұ­сында парсы тілі мен парсы мә­де­ниеті дәуірледі. Самани және Ғаз­науи кезеңінде ислам діні Мәу­раннахрға Әбу Ханифа мәзһабы ар­қылы тарай бастады. Әсіресе, Бұ­қара мен Самарқандағы Ханафи ба­ғытында құрылған Журжания, Садр, Йадия медреселерінің түлек­тері аймақта осы мәзһабтың до­ми­нант болуына ықпал етті. Кейін бұл үрдіс Қарахан дәуірінде де жалғасын тапты. Тарихи деректерде Орталық Азияға алғашқыда Қайсания-Му­бай­ди, Карматия, Исмайлия, Захири-Ха­шауия (әһли хадис өкілдері), Муғ­тазила, Шафиғия мәзһабы өкіл­дері­нің дін таратқаны айтылады. Алайда соңын­да Мәураннахр тұрғын­дары­ның таңдауы Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақида мектебіне түсті. Оған бірнеше бірнеше фактор әсер етті.

Біріншіден, мұсылман қоғамын­да VIII ғасырда араб ұлтшылдығы бе­лең алған шақта мәуали ғұламалар шет­қақпай көргені белгілі. Ал Аб­баси билігі тұсында керісінше мәуа­ли ғұламалар мемлекет қолдауына ие болды. Имам Ағзам Әбу Хани­фа­ның шыққан тегі парсы бол­ған­дықтан, оның мәзһабы парсылар жә­не олармен қоңсы отырған соғды жә­не түркі халықтары арасына кеңі­нен тарады.

Екіншіден, Аббаси халифалары Махди (775-785) және Харун-Рашид би­лік құрған (786-809) жылдары Әбу Ханифаның бел шәкірті Әбу Юсуф (731-798) Бағдаттың бас қа­зысы етіп тағайындады. Әбу Юсуф­тен кейінгі Бағдаттың қазысы бол­ған Әсад ибн Амр Куфий (798-805) де Имам Ағзам  Әбу Ханифаның шә­кірті еді. Аббаси халифалары ұзын ырғасы Имам Ағзамның 14 шә­кіртін қазылық қызметке та­ғайын­дады. Халифа Харун-Рашид Имам Ағзамның тағы бір шәкірті Мұ­хаммед Хасан аш-Шайбаниді (749-805) де Қорасандағы Рай қаласына қазы етіп тағайындады. Мұ­­­хаммед Хасан аш-Шайбанидің Қорасанға келіп, осында шәкірттер тәрбиелеуі, Ханафи мәзһабының Орталық Азияға таралуына септігін тигізді. Айталық, оның шәкірттері Әбу Сүлеймен Жузжаний (815 дүние салды) мен Әбу Хафс Кабир (767-831) Ханафи мәзһабын Мәурен­нахрға таратты.

Үшіншіден, Ханафи мәзһабы­ның отбасы (ахуал-шахсия) және сау­да-саттық (муаламат) сала­сын­да­ғы үкімдері өзге мәзһабтар үкіміне қа­рағанда қалың бұқара үшін қо­лайлы еді. Жалпы, Ханафи мәзһа­бының қоғамдық қарым-қатынасты рет­теу үкімдері басқа мәзһаб үкім­дерімен салыстырғанда, бұқара ха­лыққа тиімділігімен ерекшеленеді. Әрбір мәселенің шешімі Құран мен сүннетте кездеспесе, Ханафи ғұла­ма­лары қияс (аналогия) әдісімен үкім шығарады. Әсілі Рай құқықтық мектебі әрбір істі мейлінше антро­по­центристік (қоғам мүддесі) тұр­ғыда оң реттеуге тырысады. Осы себептен де Ханафи мәзһабында бір мәселе бойынша екі қияс үкімін шы­ғару мүмкіндігі туған сәтте ис­тих­санмен (жеңілі немесе қо­лай­лысы) үкім шығару методологиясы қа­лып­тасқан. Бұл қолайлы құқықтық әдіс­нама да өз кезегінде халықтың Ха­нафи мәзһабына деген ықыласын арттыра түсті.

Төртіншіден, Әбу Ханифа мәзһа­бы әрбір ұлттың исламға дейінгі мә­дениетінің сақталуына мүмкіндік бер­­ді. Құран мен сүннетке қайшы емес ғұрыптарды фақиһтер теріске шы­­ғармады. Егер бір мәселеге қа­тыс­ты Құран мен сүннетте нақты үкім болмай, оны шешудің дұрыс жо­лы әдет-ғұрыпта бар болса, ол үкім ре­тінде қабылданды. Оны «са­хих әдет-ғұрып» деп атады. Осының не­гізінде ислам дінін қабылдаған ұлттар өз­дерінің ізгі әдет-ғұрыптарын сақтап қа­на қоймай, оны жан-жақты да­мытуға мүмкіндік алды.

Бесіншіден, Орталық Азияда ис­лам дінінің сүнниттік доктри­на­сы­ның орнығуына еңбек сіңірген даңқты мутәкаллим Әбу Мансұр әл-Матуриди еді. Мәураннахрда фиқһ алаңында Ханафи мәзһа­бы­ның үстемдік орнатуына орай кәлам та­қырыбында Матуриди мектебі сал­танат құрды. Себебі Әбу Ха­нифа­ның кәламдық көзқарастарын Имам Матуриди жеке пән ретінде бөліп қарастырып, жұртшылыққа терең талдап түсіндірді (Захид әл-Кәусари, «Ишаратул-Мәрам»). Оның «Кита­бут-Таухид» және «Тәуилат-ул-Құ­ран» шығармаларында Құран мен сүн­неттегі кәлам тақырыбы Имам Ағ­зам негізін салған «Рай» әдіснама­сы бойынша талданды. Діндегі сенім негіздерінің ақылға қонымды етіп түсіндірілуі Матуриди ақида мекте­бінің Маураннахрда дамуына жол ашты.

Түркістан діни мектебі

ХІ-ХІІ ғасырларда Ислам ха­ли­фатының саяси қуаты кеміп, дін на­сихатын күшпен жүргізу мүмкін емес жағдай орнады. Осы тұста Ор­та­лық Азияда Түркістан діни мекте­бінің негізін салушы Қожа Ахмет Ясауи және оның ізбасарлары Дешті Қыпшақ халқының ислам дінін қа­былдауына ерекше еңбек сіңірді.

Түркістан діни мектебінің не­гі­зін салушы Құл Қожа Ахмет Ясауи көне Исфиджаф қаласында ХІ ға­сыр­дың екінші жартысында софы Иб­раһим шайхы мен Қарашаш ана­ның шаңырағында дүниеге келді (Фуат Көпірұлы, «Түркі әдебиетіндегі алғашқы сопы-ақындар», 31-34 бет­тер). Фуат Көпірұлы ортағасырлық тарихи деректерге сүйене келе, Қо­жа Ахмет Ясауидің қолөнермен шұ­ғылданған сопы екенін, дүние ісіне көп мән бермейтін, бойына ке­ремет дарыған тақуа адам бол­ға­нын айтады. Дүниенің түкпір-түк­пірінен келген ғалымдар Қожа Ах­мет Ясауимен сөз таластырып, жеңіл­генін, оның діни көзқарасына қар­сы болған жергілікті тұрғын­дардың оны арандатпақ болғанын, бірақ әулиелігінің арқасында өзіне төнген қауіптің алдын алып отыр­ғанын жеткізеді. Бұл деректер оның «Диуани хикметінде» де баяндалады. Айталық, Қорасан ғұламасы Баба Машын Қожа Ахмет Ясауимен пікір таластырып, оның хикмет іліміне бас ұрған еді.

Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген ХІІ-ХІІІ ғасырларда Түркістан ислам әле­мінің солтүстік шекарасы са­на­латын. Исламның алғашқы дәуір­лерінде дінді тарату фатх жорық­тары арқылы жүргізіліп, шекара ай­мақтар «рибат» (кәпірлермен со­ғыс­­қан кездегі аттың қазығы қағыл­ған жер) деп аталатын. Ал Ясауи дәуірінде рибаттар нәпсі тәрбие­сі­мен айналысатын діни тәлім-тәрбие беретін ошақтарына айналды. Со­пылық ілімде топырақты күшпен жау­лап алу оңай, ал адамның рухы мен болмысы жаулануы қиын қамал бо­лып есептелінеді (Д.Кенжетай, «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы», 113-бет). Осы тұста сопылар хақ дін­ді этикалық және моральдық құн­дылықтар арқылы насихаттауды жү­зеге асырды. Оның бұл ұстанымы Құран Кәрімнің: «Дінде зорлық жоқ» («Бақара» сүресі,  256-аят), «Егер Жа­рату­шы қалағанда жер бетіндегі адам­дардың бәрі иманға келер еді. Олай болса сен адамдардың иманға келуі үшін оларды зорлық жасай­мы­сың» («Юнус» сүресі, 99-аят) де­ген үкімдеріне негізделген еді.

Қожа Ахмет Ясауидің барынша то­лерантты болғанына оның өмірі­нен жарқын мысалдар келтіру­ге болады. Түркістандағы жергілікті ха­лықтың 20 жыл бойы зорлық-зом­былығына сабыр етіп, баласы Ибраһимді қастандықпен өлтірген адамға мінген атын беріп, қызын ұза­туы, Қожа Ахмет Ясауидың аса тө­зімді, дегдар жан екенін көрсетеді. Ол бейбіт ұстанымының арқасында көне түркі дәстүрі мен исламды қа­быстырды. Сол арқылы діни һәм мә­дени қақтығыстар арасынан жол та­ба алды.

Әл-Хазини өз еңбегінде Қожа Ах­мет Ясауидің кемелдікке жетудің мәкан, заман, ихуан, рабт-сұлтан атты төрт қағидасын бекіткенін ал­ға тартады. Мәкан қағидасы бойын­ша адамның өмір сүретін Отаны және рухани сұранысын қанағат­тан­дыратын діни мекені (мешіт, медресе, текке) болуы керек. Заман қағидасы бойынша ақиқатты тануға талап білдіруші уақытты тиімді пай­далануы тиіс. Ихуан (бауырластық) қағидасы бойынша ақиқат жолына бетбұрыс жасаған сопы төңірегіндегі адамдарды бауырына баса білуі керек. Рабт-сұлтан қағидасы бойын­ша салих мұсылман мемлекет бас­шы­сына бағынып, оған адал болуы қажет (Әл-Хазини, Жауаһирил-әб­рар би Әмуажил бихар, 109-112 бет­тер).

Қожа Ахмет Ясауидің тағы бір ерек­ше қыры оның шығармашылы­ғы­ның түркі тілінде жазылуы еді. Сол дәуірде ғылым мен әдебиеттің тілі араб пен парсы тілі бола тұра, ол өз еңбектерін түркі тілінде жазды.

Әл-Хазинидің айтуына қара­ған­да, Қожа Ахмет Ясауидің 99 000 шә­кірті болған. Басқа бір аңыз бойын­ша Ясауидің қасында 12 000 со­пының болғаны айтылады. Оның ал­ғашқы халифасы Мансұр ата (1197 жылы қайтыс болды), екінші халифасы Саид ата Хорезми (1218 жы­лы қайтыс болды), үшінші ха­ли­фасы атақты Хәкім ата Сүлеймен Ба­­қырғани, төртінші халифасы Мұ­хаммед Даншмент Зарнұқи болды.

Қожа Ахмет Ясауи негізін салған Түркістан діни мектебін Суксук ата, Тил­ки ата, Исмайыл ата, Садыр ата, Ба­дыр ата, Зеңгі баба, Ұзын Хасан ата, Шейх Иқани, Құсшы ата, Жүсіп ата, Шопан ата, Қажы Бекташ әулие, Сары Салтұқ, Шайық Лұқпан Пе­ренде, Баба Машын, Әмір Әли Хакім, Хасан Бұлғани, Имам Мерғазы, Шайых Осман Мағрифи секілді хик­мет иелері дамытты.

Қожа Ахмет Ясауидің мүридтері ис­лам дінін Мәураннахр, Шығыс Түркістан, Дешті Қыпшақ, Анатолия, Еділ бұлғарлары арасына таратты. Мы­салы, Қожа Ахмет Ясауидің шә­кірттері Хасан әл-Бұлғари мен Би­раш ибн Абраш Еділ бойында дін на­сихатын жасап, халықты хақ дін­ге шақырады. Олардың ізін бас­қан Ешмұхаммед ибн Тоқмұхаммед, Идрис ибн Зулмұхаммед, Қасым шайх ибн Ибраһим, Қожа Әмір Ка­лал және тағы басқа сопылар ұзақ жыл бойы Еділ бұлғарлары ара­сын­да дін насихатын жүргізді (Мұртаза Бұлұтай, «Мұсылман қазақ еліміз», 83-бет).

Атақты жаһангер Әмір Темір (1370-1405) түркілердің пірі Құл Қо­жа Ахмет Ясауи кесенесінің ба­сы­на аситана (тариқатты басқару ке­ше­ні) тұрғызып, оған уақыфтық құ­­жатпен арнайы мәртебе берді. Көш­пелі Өзбек мемлекетінің би­леушілері Әбілхайыр хан (1428-1468), Мұхаммед Шайбани хан (1500-1510), сондай-ақ қазақ хан­дары Қожа Ахмет Ясауиді пір тұтып, Түркістандағы аситанаға берілген рухани мәртебеге ерекше құрметпен қарады. Тіпті, Еңсегей бойлы Ер Есім хан 1598 жылы Түркістанды Қазақ хан­дығының ордасы етіп бекітті. Құл Қожа Ахмет Ясауидің аситанасы қазақ хандарының резиденциясы ғана емес, халқымыздың айтулы хан-сұлтандары, би-шешендері, ба­тырлары мен жырауларының дамыл тап­қан мәңгілік мекеніне (пантеон) ай­налды. Осыдан кейін Алаш бала­сы Әзірет Сұлтанның құрметіне мем­лекет орталығын (бұрын «орда» деп келген) «Астана» деп атай бас­тады. Осылайша, қасиетті Түркістан қа­ласы қазақтың рухани шамшыра­ғына айналған болатын.

Түркістан қаласының тарихтағы орны мен рөлі туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Көшпелі жұрттың мұсылмандануына, халқымыздың ислам дінін қабылдауына Түркістанның ерекше ықпалы тиді. Орталық Азия мен Дешті Қыпшаққа ислам әлемін таратқан көптеген әйгілі ғұламалар осы жерден шықты. Қала екі ғасыр бойы Қазақ хандығының бас ордасы болды. Көптеген маңызды шешімдер дәл осында қабылданып отырды» деген болатын. Иә, халқымыздың хақ дінді қабылдауына ерекше ықпал еткен, төл тарихымыздың бастауы, асыл дініміздің шамшырағы болған Түркістан мектебі әлі талай тұшымды зерттеуді қажет ететіні сөзсіз.

Наурызбай қажы Тағанұлы,

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти

Редакция таңдауы

Шын зиялы кім немесе Ясауи ілімі хақында

Зиялы, зиялылықтың феномен ретінде қоғамда алатын орны мәселесі адамзаттың әртүрлі даму сатысында, әр қоғамда пікірталас көзі болып келді. Бұл мәселенің қазіргі Қазақстан қоғамы үшін...

Тәуелсіздік ұрпақтары ой толғайды

Биыл сан ғасыр бойы арман­дап жет­кен Тәуел­сіздігімізге – 30 жыл. Пре­зидент Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрі­нен қым­бат» атты мақаласында еге­мендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға...

Сұрамсақтық неге белең алды?

Қазіргі кезде ақша сұрап, тіленшілік қылған адамдарды көшелерден, жерасты өткелдерінен ғана емес, ғаламтордан, әлеуметтік желілерден де кездестіретін болдық. Үлкен аудиториясы бар өнер жұлдыздары, блогерлердің...

Жүлгелі тарих – жатқа сес

Алаш арысы Міржақып Дулатов: «бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» десе, ақын...
123533

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өтіп бара жатқан апта ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен және Мәжіліс...
photo 77002

Навальныйды әуежайда 100 полицей қарсы алады

Алексей Навальный Мәскеуге ұшып келеді. Оның Ресейге оралуына жақтастары ғана емес, қарсыластары...
Мейрамбек

Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев...

Жаңалықтар

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өтіп бара жатқан апта ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен және Мәжіліс депутаттарының қолдауымен еліміздің Премьер-Министрі қызметіне Асқар Мамин қайта тағайындалды. Сонымен қатар 7-ші шақырылымдағы...

Навальныйды әуежайда 100 полицей қарсы алады

Алексей Навальный Мәскеуге ұшып келеді. Оның Ресейге оралуына жақтастары ғана емес, қарсыластары да дайындалып жатыр, мысалы, полиция, - деп хабарлайды "База" Telegram-каналы.  Алексей Навальный түстен кейін...

Шетелдегі қандастар ассимиляцияға ұшырамауы үшін ана тілі оқытылуы қажет

Бізде бір үстірттеу түсінік бар. Бұл – шетелдегі ағайын ана тілін жақсы сақтаған деген. Бұрын олай болған шығар, бірақ қазір жағдай одан біршама төмен...

Шетел сарапшысы: Жәнібекті Геннадий секілді дарынды деп айта алмаймын

Кәсіби бокс промоутерлері мен сарапшылардың пікірінше, қазақстандық былғары қолғап шеберлері Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы әлем бойынша болашағынан үміт күттіретін үздік ондыққа кіреді. Алайда көпшілігі бұл...

Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Nege.kz сайты. Белгілі болғандай, әнші Алматыдағы ауруханалардың бірінің жансақтау...

Кореялық бойжеткен қазақ-корей сөздігін құрастыруға көмектесетін адамдар іздеп жатыр (видео)

Оңтүстік Корея елінің тумасы Чой Ён Сон Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерімен онлайн режимде өткен кездесуде қазақ-корей сөздігін шығаруға қол ұшын...

Қытайда балмұздақтан коронавирус анықталды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында Tianjin Daqiaodao Food компаниясы өндіретін балмұздақтан коронавирус табылды, деп хабарлайды Sky News. Агенттіктің хабарлауынша, балмұздақты әзірлеу барысында Жаңа Зеландиядан жеткізілген құрғақ сүт...

«Жұдырықтасамын». Хабиб Нұрмагомедов октагонға оралуы мүмкін

Жуырда Хабиб Нұрмагомедовпен келіссөз жүргізген UFC президенті Дэйн Уайт UFC ТВ-дің эфирінде оның алдағы уақытта октагонға оралуы мүмкін екенін айтты. Кездесу барысында Нұрмагомедов ММА әлеміне...

Қазақ қыздары Сербияда өтіп жатқан жарыста бірінен соң бірі чемпион болды

Әйелдер арасындағы бокстан Сербияда өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталуды. «Ұлт кубогы» атты бұл турнирде Қазақстан командасы бірнеше алтын медалға қол жеткізді дейді Olympic.kz сайты....

Мини-футбол: «Ақтөбенің» сенсациялық жеңісі таң қалдыруда

Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында сенсация жасады деп жазады sports.kz порталы. Афиныда «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының 1/16  матчында Грекияның АЭК командасымен ойнап, 5:2 есебімен жеңіске жеткен. «Ақтөбе»...

Мен сендердің жалғыз тал бүршігіңмін

Тірісінде кітабын шығара алмай кеткен ұстаз-ақынның арманын жерлестері орындады Ауылда жүріп-ақ айлы түнмен сырласып, жарық күнге жыр арнап өткен талай ақынның әдеби ортаға жете алмай,...

97 алаяқ қылмыстық жауапкершілікке тартылды

«Боранды күні қасқыр құтырады» демекші, пандемия кезінде интернет арқылы алаяқтық жасап, жұртты виртуальды түрде тонағандар көбейіп кеткен. Алаяқтықтың көбі онлайн-сауда жасағандарды қақпанға түсірген. Пандемия кезінде...

COVID-19: 2 миллион адам қайтыс болды (видео)

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бас хатшы өз мәлімдемесінде вируспен күресуге шақырып, вакцина...

«Баннердегі қыз» миллион теңге қаламақы сұрап отыр

Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен коронавирусқа қарсы насихат ретінде өзінің суретін қолданғаны үшін қаламақы төлеуді сұрайды деп хабарлайды «31 арна». Қыздың суреті COVID-19...

UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді

Ендігі жерде қан құрамынан марихуана белгілері анықталса, бұл ұйымның ережесін бұзу деп саналмайды. UFC ұйымдастырушылары жарыс кезіндегі допинг-бақылау ережесіне түзету енгізіп, шеберлеріне ішінара марихуана қолдануға...

Германияда өткен тәулікте 18 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны өткен тәулікте 18 мыңнан асты. Бұл туралы ГФР Денсаулық сақтау министрлігі құрамына енетін және елдегі COVID-19 статистикасын жүргізетін...

Өскеменде 9 жасар бала смартфон үшін үйінен кетіп қалған

Қылмыстық полиция қызметкерлері баланы бір сағаттың ішінде үйге жақын жердегі супермаркеттен тапты. Баланың анасы ұлын өзі іздеп таппақ болған, алайда іздеу нәтижесіз аяқталады. Амалы...

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді. «Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан,...

Үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді

2021 жылдың 15 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі арқылы, үзіліссіз он сағат тікелей эфир өткізді. Негізгі мақсат – студенттерге қазіргі оқу...

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен...

Ағаштың заңсыз оталуына наразы топ жолды кесілген ағаштармен жауып тастады

Өзбекстанның Қашқадария облысы Карши қаласындағы "Буюк Турон" махалласының шамамен 200 тұрғыны 13 қаңтарда таңертең әуежайға апаратын жолды кесілген ағаштармен жауып тастады, деп хабарлайды Орталық...

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды. Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру; Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және...

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

Түркістан облысында және Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты карантин ұзартылды. Бұл туралы екі өңірдің бас санитарлық дәрігерлері шығарған жаңа қаулыда айтылған.  Түркістан облысының бас санитарлық...

Мемлекет басшысы Бақытжан Темірболатты жаңа қызметке тағайындады

Бақытжан Темірболат Тұңғыш президент кітапханасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»...

Шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық қолғап қолданылған болып шықты

Мәскеуге шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық бір реттік қолғаптар қолданылған болып шықты. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау...

Рахым ОШАҚБАЕВ: Саясиландырудың жаңа кезеңі басталмақ

Рахым ОШАҚБАЕВ, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры: –Президент VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында жаңадан сайланған депутаттарға бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Мемлекет басшысы аталған міндеттерді...

Президент Премьер-министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Оқырман назарына құжат мәтінін ұсынамыз.  А.Ұ. Маминді...

Алматы қаласы мәслихатының жаңа хатшысы сайланды

Қалалық әкімдікте VIІ сайланған Алматы мәслихатының бірінші сессиясы өтті, оның барысында мәслихат хатшысы болып Станислав Канкуров сайланды. Станислав Владимирович Канкуров бұған дейін Nur Otan партиясы...

Ғалымдар құлақтағы шуыл денсаулықтағы қандай ақаудың белгісі екенін анықтады

Құлақтағы шуыл денсаулықтағы күрделі ақаудың белгісі болуы мүмкін.  Бұл туралы британдық Express басылымы американдық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. Құлақтағы шуыл немесе ғылыми тілмен айтқанда...

Иркутск аспанында метеорит өртенді (видео)

15 қаңтарда таңертең Иркутск қаласы маңында жер атмосферасында толығымен өртенген болидтің құлауы байқалды, деп хабарлайды РИА Новости. https://www.youtube.com/watch?v=zG9xH3Bj55M Бұл туралы ИГУ астрономиялық обсерваториясының директоры Сергей Язев...

COVID-19: Елімізде бір компанияның 47 қызметкері коронавирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында бір компанияның 47 қызметкерінен коронавирус табылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданында...

Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы: Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету – демократияның жемісі

– Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламент сессиясында сөйлеген сөзінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек деді. Менің ойымша, бұл – демократияның...

Дариға Назарбаева Мәжілісте немен айналысатыны белгілі болды

Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты Дариға Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына енді.  Альберт Рау жетекшілік ететін бұл комитет құрамында барлығы 14 депутат...

Адамның симптомсыз коронавирусты өткергенінің басты белгілі аталды

Адамның жиі шаршап, әлсіздікті сезінуі симптомсыз коронавируспен ауырғанын айғақтауы мүмкін. Бұл туралы Push Doctor мекемесінің бас дәрігері Дэн Банстон айтты, деп хабарлайды Express.  Дәрігердің сөзінше,...

Атырау мұнай өңдеу зауыты ALTAY-45 қысқы дизель отынын шығаруды бастады

Атырау мұнай өңдеу зауыты өнім түрлерін кеңейтті. 2021 жылғы қаңтарда зауытта шекті қату температурасы минус 45˚С болатын Altay - 45 қысқы дизель отынының бірінші...

Локдаунның орнына коменданттық сағат: Шектеу шаралары қатаңдатылады

Оңтүстік Африка Республикасында шыққан коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Францияға кіру тәртібі қатаңдатылмақ. Енді Еуроодақтан елдерінен басқа мемлекеттерден келген азаматтардың барлығы  бір апта карантинге...

Сауд Арабиясында жаңа қала салынады

Сауд Арабиясының билігі жасанды интеллект көмегімен көліксіз және көшесіз қала салуды жоспарлап отыр. Елдің футуристік іскерлік орталығында The Line қаласы пайда болады. Жоба құрылысының басталғаны...

Мәжіліс төрағасының орынбасарлары сайланды

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды. Мәжілістің жалпы отырысы барысында Нұрлан Нығматулин өзінің орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым...

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болып сайланды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына сайланды. «Нұрлан Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, партияда да, әкімшілікте де басшы қызметтерде...

Қазақстанда Салық кодексіне ревизия жасалады

VII шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс екенін айтты.  «Фискалдық саясатты жетілдіру аясында Салық...

Ердоған тікелей эфирде коронавирусқа қарсы қытай вакцинасын алды

14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БАҚ-тың қатысуымен коронавирус вакцинасының алғашқы дозхасын алды. Анкара ауруханасындағы  процедура тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды aa.com. https://www.youtube.com/watch?v=FAG-fnm4gpk Ердоған қытай...

Мемлекет басшысының VII шақырылымдағы Парламент сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды. Құрметті отырысқа қатысушылар! Қазақстан Конституциясының 59-бабына сәйкес жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясын...

Онлайн петиция институтын заң жүзінде рәсімдеуіміз керек – Президент

VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.  «Өздеріңіз білесіздер, жыл басында кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...

KASE: Доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Доллар бағамы 14 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,37 теңгеге құлдырады, 1 доллар –419,55...

Қ.Тоқаев: Парламенттің алдында екі маңызды міндет тұр

«2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз», – деді Президент VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында. Мемлекет басшысы еліміздің стратегиялық бағдары...

Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керек – Президент

Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясының ашылуында барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керегін айтты. «Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы...

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, сотталған бозбала қамаудан босатылды (видео)

Ақтөбеде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған 17 жастағы бозбала қамаудан босатылды. Ақтөбе облыстық соты мәліметінше, былтыр шілде айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер...

Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. «ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шы шақырылымдағы Парламенттің 1-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР...

Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр

Мегаполисте Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев мәлімдеді. Бас...

Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды – Қарағанды облысы

Қарағанды шіркеу округінің өкілі Александр Угольков пандемия жағдайында Шоқыну мерекесін өткізу тәртібін түсіндірді, – деп хабарлады saryarqa.kz. Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл...

Елордада осы жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді

17 қаңтар, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қатынамайды. City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір...

Шетелдіктер 5 маусымға дейін ҚР аумағынан шығып кетуі тиіс – СҚО

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті шетелдік азаматтардың елімізде жүріп-тұру қағидаларына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. Жол жүру құжаты, тұрақты тұруға ықтияр хаты, ҚР визасы, ҚР уақытша...

Өткен тәулікте 835 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 835 адамда коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 74, Алматы қаласы - 131, Шымкент қаласы - 25, ...

Талдықорғандық өрт сөндірушілер 4 адамы құтқарып қалды (видео)

Талдықорғанда «Мүшелтой» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде өрт тұтанған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртке оранған пәтерден екі ересек адам...

Ермұхамет Ертісбаев: Дәл қазір Премьер-министрді ауыстыру қателік болар еді

Ертең, 15 қаңтарда Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болады. Ескі Үкімет жаңа сайланған Мәжіліс депутаттары алдында өкілеттігін доғарып, отсавкаға кетті. Осыған орай сарапшылар жаңа Министрлер...

Шетел сарапшылары: Головкин «Канелодан» нокаутпен жеңіліп, карьерасын аяқтайды

Спорт әлеміндегі түрлі мәселелерге талдау жүргізетін ESPN телеарнасының сарапшылары 2021 жылы кәсіби боксшылар арасында өтетін кездесулерге болжам жасап, соның ішінде көпшілік асыға күтіп жүрген қазақстандық...

Қарабақ – Әзербайжанның жауһары

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әзербайжан мемлекеті туралы бірнеше кітаптың тұсаукесері болып...

Шын зиялы кім немесе Ясауи ілімі хақында

Зиялы, зиялылықтың феномен ретінде қоғамда алатын орны мәселесі адамзаттың әртүрлі даму сатысында, әр қоғамда пікірталас көзі болып келді. Бұл мәселенің қазіргі Қазақстан қоғамы үшін...

Тәуелсіздік ұрпақтары ой толғайды

Биыл сан ғасыр бойы арман­дап жет­кен Тәуел­сіздігімізге – 30 жыл. Пре­зидент Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрі­нен қым­бат» атты мақаласында еге­мендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға...

«Отбасылық мәселеден шаршадым»: Көкшетауда жоғалып кеткен көпбалалы әйел табылды

Көкшетауда үйінен кетіп қалған көпбалалы әйел табылды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, биыл 13 қаңтар күні Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне...

Сұрамсақтық неге белең алды?

Қазіргі кезде ақша сұрап, тіленшілік қылған адамдарды көшелерден, жерасты өткелдерінен ғана емес, ғаламтордан, әлеуметтік желілерден де кездестіретін болдық. Үлкен аудиториясы бар өнер жұлдыздары, блогерлердің...

Жүлгелі тарих – жатқа сес

Алаш арысы Міржақып Дулатов: «бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» десе, ақын...

Қазақстан жеріне 100 миллион қазақ сиятын әлеуеті бар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар қандастардың атажұртқа көшіп келе бастағанына да 30 жыл толды. Қазақ көшін жүйелі жүргізуге бірқатар тарихи құжаттар мен оң...

Қырғыздар Ата Заңына Құрылтай институтын енгізбек

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ». Әлбетте, бұл ұлы ойшыл ақын, ағартушы Абайдың сөзі. Қырғыз елінің соңғы отыз жылда өткен жолына қырғыздың өз ...

Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК еліміздің 7 облысында ескерту жариялады. 15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. 15...

Мәжіліс құрамы көп жаңарды

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында 7 пайыздық межеден астам дауыс жинаған «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демокра­тиялық партиясы...

Елбасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

«Nur Otan» партиясының төрағасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты. Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» фракциясының депутаттарын кезекті парламенттік сайлаудағы жеңісімен тағы да...

Елорда әкімі заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты өз пікірін білдірді. «Бұл жерде заңға сүйену керек. Қалалық әкімдіктің келісімінсіз автокөлік тұрағы ашылса, демек...

2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне диплом берілмейді – министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейтінін айтты. Білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер жоғары және жоғары...

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan»-ның Мәжілістегі фракция жетекшілігіне ұсынылды

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысуда. «Фракция отырысы барысында  партиясының төрағасы Нұрлан...

Әлемдік мұхит деңгейі көтерілді

2020 жылы әлемдік мұхит 230 зета джоуль жылу сіңірген. Бұл бір жарым литрлік 20 млрд шәйнекті қайнатуға жетеді екен. Климатологтардың пікірінше, мұндай рекордтық көрсеткіш ғаламдық...

Дастан ЖӘНІБЕК: Huawei-де жұмыс істеп, ауылдағы бауырларыма көмектесіп отырмын

2020 жылдың екінші жартыжыл­ды­ғында Huawei компаниясы өз тари­хында тұңғыш рет Samsung және Apple кор­по­ра­циясын артқа қалдырып, смартфон­дарды сатудың әлемдік нарығында көш басына шықты. Америка­лық­тар...

Қаңтар-ақпан айында ауа райы қандай болады – Алматы

«Казгидромет» РМК хабарлағандай, 2021 жылдың қаңтары мен ақпанында Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Қыстың соңында жауын шашын, қар жылдағыдан көп түседі деп болжанып отыр. «Қазақстанның...

Қазақ киносына не жетпейді, қаржы ма, қабілет пе?

Бүгінгі қазақ руханиятында бас ауыртатын екі мәселе болса, бірі – қазақ киносы шығар. Себебі кино өнер ға­на емес, бизнес, үлкен идеология! Оған көп мысал...

Зей­не­тақы жинағы: тірнектеп жиғанымызды жырымдап қайтара ма?

2021 жылды асыға күткендер көп. Себебі биылдан бастап зей­­нетақы жинағының бір бөлігін бас­па­на алуға, емделуге жұмсауға мүм­кін­дік ту­мақ. Президенттің бұл бастамасы қо­ғам­да бір жыл...

11-сынып оқушысы қолжазбаны цифрлық форматқа көшіретін қосымша жасап шығарды

Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Алар Берікұлы қолжазбаны цифрлық форматқа көшіретін қосымша жасап шығарды, – деп жазды Pavlodarnews.kz. Карантин уақытында қашықтан оқып,...

Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды

Ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және оның жұбайы Маргарита Владимировна коронавирус жұқтырды. Бұл туралы журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. "Бүгін, 14 қаңтарда...

«СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс жуырда сотқа жіберілетінін айтты. «Бүгінде тергеу жұмысы аяқталып,...

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. BoxRec таратқан ақпаратқа сүйенсек, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда өткізеді. Алайда...

Сел сергелдеңі: Жамбыл облысында бүтін бір ауылды су басып қалды

Жамбыл облысында сел жүріп, бүтін бір ауыл су астында қалды. Күннің кенеттен жылынуынан Қаратау жотасындағы қар еріп, оған нөсер жауын мен қатты жел қосылған....

Мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 65 пайызға жаңарды – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәслихаттарға сайлау қорытындысы туралы желіде жазба жариялады. Ол жазбасында партия фракцияларының құрамына және жаңадан сайланған депутаттардың...

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат болды

13 қаңтарда сағат 21.53-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин атындағы» шахтасында апат болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. «Апат болған кезде үш жұмысшы, атап айтқанда бұрғылау...

Ермахан Ибраимов пен Жансая Әбдімәлік мәслихат депутаты болды

Алматы мәслихатына «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.  Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының 13...

АҚШ тарихында алғаш рет: Трампқа екінші импичмент жарияланды

Дональд Трамптың импичменті күшіне енді. Бұл шешімді Сенат мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды ВВС.  АҚШ президентіне импичмент жариялау туралы қаулыға Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қол...

Коронавирусты асқазан ауруымен шатастырған ер адам ұйықтап жатып қайтыс болды

Ұлыбританияның Херн-Бэй қаласының тұрғыны коронавирусты асқазан ауруымен шатастырып, ұйықтап жатқанында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның қызы айтты, деп хабарлайды KentOnline.  Мишель Киннің 60 жастағы әкесі...

Вакцинаның дұрысы – дертіңе дерт қоспағаны

Коронавирусқа қарсы вакциналардың сынағы бастал­ғаннан-ақ өтірік-шыны аралас ақпарат көбейді. Қай мәлімет рас, қай мәлімет шындыққа жанаспайды – анықтау қиын. Сол себепті де жалпы вакцинаға...

Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды

Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылып, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды. Сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді, деп хабарлайды ҚР ҚМ...

Дәрігер коронавирусты қайта жұқтырудың 5 себебін атады

Иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков "Комсомольская правдаға" берген сұхбатында коронавирусты қайта жұқтырудың бес себебін атады. Оның айтуынша, індеттен айыққаннан соң ағзада антиденелер көп...

Ел таңдауы – тұрақтылық

Өткен жексенбіде елімізде Парламент Мәжілісі мен мә­сли­хаттар депутаттарының сайлауы өтті. Қазақ­стан­дықтар алдағы бес жыл­да елдің даму бағытын айқындап, мем­лекеттің келешегі үшін келелі ше­шім қабыл­дайтын...

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Қазақстанда өткен тәулікте 834 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 123, Алматы қаласы - 122, Шымкент қаласы - 14, Ақмола облысы...

Банк бөлімшелеріне маска тақпай келген клиенттердің есепшоты жабылады

HSBC банкі өз бөлімшелеріне бетперде тақпай келгені үшін ұлыбританиялық клиенттерінің өмірін қиындатпақ. The Sun хабарлағандай, банк тіпті олардың шоттарын жабуға дайын. Бұл талап медициналық...

АҚШ барлау қызметі Байденді ұлықтау рәсіміне қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты

АҚШ барлау қызметкерлері Джо Байденді ұлықтау рәсіміне ықтимал қауіп көздерін атады. Бұл туралы New York Times газетіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Америкалық барлау қызметі...

-33 градус: Елордада 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Елордада І ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды. «14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан...

Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. * *...

Ақтөбедегі зауытта көз жұмған 5 жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбе хром өндірісі зауытында көз жұмған шахтерлердің ісі аяқталды. Сот цех басшысы мен екі шеберді ақтады. Апаттың орын алауына марқұмдардың өздері деп табылды, деп...

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылорда-Құмкөл автожолында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылғы13 қаңтарда сағат 14:20 шамасында Қызылорда-Құмкөл автожолының 69 км-де «Мерседес...

Индонезия вакцинациялауды жастардан бастады

Индонезияда вирустың тарауын тоқтату және ел экономикасын қалыпқа келтіру мақсатында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауда өзгеше әдіс қолданылады. Алғашқы кезеңде егде жастағы адамдарға екпе салудың...

Қазақстандық танымал боксшының үйі өртенді

Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменовтің ата-анасы тұратын үйі өртенді. Бұл туралы бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Өрт салдарынан...

Түркіменстаннан Алматыға жеткізілген 18 тонна қызанақтан вирус табылды

Түрікменстаннан Алматыға жеткізілген қызанақтан қатпарлы вирус анықталды, енді 18 тонна қызанақ толықтай жойылмақ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы...

АҚШ-та 70 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

АҚШ билігі соңғы 70 жылда алғаш рет әйел затын өлім жазасына кесті, деп хабарлайды The New York Times. Сотталған Лиза Монтгомери 2004 жылы жүкті әйелді...