Жетісуда 80 жаңа мектеп бой көтермек

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында алдағы бесжылдықта Жетісу өңіріндегі балабақша сұранысын 100 пайыз қамту көзделген. Үшауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылады. Осылайша оқу орындары жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақ тәрбиелемек.

Осындай келелі тақырыптарды Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Базархан Байтаев «ZOOM» бағдарламасы арқылы зиялы қауым өкілдерімен кездесуде сөз етті.

– Ел халқы партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз партияластарымызбен бірге жарқын болашақтың негізін қалаймыз. Nur Otan партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасына негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарылар жүйелі жоспарлар кіргізілді.Мәселен, елдегі үшауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған, – деді Базархан Ізмұханұлы.

Үміткердің айтуынша, Nur Otan партиясы Алматы облысындағы 101 білім беру нысанында қайта жаңғырту жүргізіп, пәндік кабинеттерді компьютерлік жабдықпен қамтуды 67,4 пайызға жеткізуді межелеп отыр.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі
Nur Otan партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Back to top button