«Nur Otan»: Әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалуы тиіс

«Nur Otan» партиясынан Екібастұз қалалық және Павлодар облыстық мәслихаттары депутаттығына үміткерлер өңірдегі сайлаушыларымен кездесу өткізуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптары қатаң сақталады.

Үгіт-насихат науқаны барысында  «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Нияз Макраев тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында арбамен билеуден ҚР ашық біріншілігінің жеңімпазы, үшсайыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Оксана Лимге барды.

Кездесуде Оксана Анатольевна Нияз Құдайбергенұлынан  ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне назар аударуды сұрады:

‒ Кейде дүкеннің жанында тұрып қайырымды жандардың «Сізге нан мен сүт алып берейін бе?» дегенін күтесің, ‒ дейді ол ағынан жарылып, ‒ меніңше, осындай нысандарда шақыру нүктесін орнатқан жөн сияқты, сатушы да тұтынушының келгенін ескеріп, оны назардан тыс қалдырмауға тырысар еді. Бұдан бөлек, Кеншілер мен Мұхтар Әуезов көшелеріндегі тротуар мәселесін шешу керек. Жолдың кейбір бөліктерінде жаяу жүргінші жолы жоқтың қасы, тиісті жерге жету үшін кейде тротуардың жоқтығынан автокөлік жолына шығуға тура келеді.

Кездесу соңында Оксана Анатольевна биге арналған жаңа мүгедек арбаға зәру екенін айтты.

‒ Бізге берілетін мүгедек арбалар биге арналмаған, ‒ дейді чемпион қыз, ‒ біз қаламыздың намысын қорғайтындықтан қай жағынан болсын ерекшеленіп тұрғымыз келеді. Жасыратыны жоқ, жаттығу залдары мен сапарға шығатын күндерді сағындық. Алдағы уақытта бәрі қалпына келетініне және биіктерді бағындыру үшін алыс жолдарға сапарға шығатынымызға сенімім кәміл.

 

Ақысы «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының қаржысынан төленді

 

Back to top button