197
Jýsan Bank АТФ Банк акцияларын сатып алды
Jýsan Bank АТФ Банк акцияларын сатып алды
Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келісімін алғаннан кейін Jýsan Bank АТФ Банк акцияларының 99,76%-ын сатып алды, деп хабарлайды Jýsan Bank-тің баспасөз қызметі.
Мәміле талаптарына сәйкес, АТФ Банкінің 124 млрд теңге көлеміндегі меншікті капиталы қосымша провизияларды құру үшін жұмсалды. Акционер шығынды жапқаннан кейін, Jýsan Bank реттеушінің талаптарына сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастыра отырып, АТФ Банкті 97 млрд теңге көлемінде қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.
АТФ Банкты сатып алу нәтижесінде Jýsan тобына кіретін екі банктің активтерінің жиынтық көлемі 3 трлн теңге немесе Қазақстанның банктік секторының активтерінен 10% құрайтын болады деп күтілуде. Екі банктің өтімділігі жоғары активтерінің жиынтық мөлшері 1,3 трлн теңгеден асады, бұл Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Сонымен қатар, АТФБанктің бұрынғы акционері Ғалымжан Есенов Jýsan Bank акцияларының 19,97%-ын сатып алып, Jýsan Bank-тің ірі акционері атанды.
Бұл мәміле Jýsan Bank акцияларын қосымша орналастыру шеңберінде жүзеге асты және оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдады.