Шымкентте полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, желтоқсанның 28-інде орын алған Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның 3 полиция қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. «Бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді. Қазіргі таңда, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-мен ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес 3 күдікті ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды», – делінген хабарламада. Полиция департаментінің мәліметіне сай, қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жалғасуда.
Жүктелуде...