«Nur Otan» жыл сайын ақтөбелік 2,5 мың жасты жұмыспен қамтиды

«Nur Otan» жыл сайын ақтөбелік 2,5 мың жасты жұмыспен қамтиды

«Nur Otan» жыл сайын ақтөбелік 2,5 мың жасты жұмыспен қамтиды
ашық дереккөзі
233
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Алмас Елеуов, Мәди Елеусізов, Азамат Үсімбеков «Лучшие решение» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Ұжым мүшелерін алдағы сайлауға шақырып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді. Жиында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерден бөлек, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер де болды. Олар сайлауалды бағдарламадағы білім, әлеуметтік, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. «Жетекші партияны қолайық» деген Мәди Елеусізов сайлаушыларға үгіт-насихат парақшаларын таратты.  width= ‒ Партия көптеген жұмыстарды атқарып жүр. Атқарылатын жұмыстар да жеткілікті. Бәрі бізге байланысты. Бір-бірімізді жақсы түсінсек, қиындықтың барлығын жеңеміз. «Nur Otan» партиясының ұраны ретінде «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» дегім келеді. Себебі алдымыздан қандай қиындық кездессе де тек биікке ұмтылайық. Партияның қалалық сайлауалды бағдарламасы негізгі жеті бағыттан тұрады. Соның ішінде өздеріңіздей жастар үшін көп мүмкіндік бар. Ол бағдарлама нақты бекітілді. Келер жылдан бастап жоспар бойынша жұмыстары басталады. Бүгінде Ақтөбе қаласында 111 мыңнан астам жастар тұрады. Олар үй алып, жұмысқа орналасуы керек. Сол үшін қолжетімді жағдайлар жасауға тырысамыз. Қалада жастардың дұрыс білім алуы үшін де оқу орындары жеткілікті. «Nur Otan» партиясы міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды. Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифттер құрылады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешіліп, жұмысқа орналасу және білім беруге аса назар аударылатын болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын шамамен 2,5 мың жастарды жұмысқа орналастырады. «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру жолымен 1,5 мың жастарды жазғы мезгілде жұмыс жасайды. 1340 орындық 5 студенттік жатақхана құрылысы аяқталады, ‒ деді ол. Сонымен қатар кездесу барысында қаламызда спортпен айналысатын жастарың санын көбейту туралы айтылды. Жасардың кәсіп бастауы үшін несие алуына болатындығы туралы Алмас Елеуов ескертіп өтті.  width= ‒  Бүгінгі таңда жастар үшін «Nur Otan» партиясы барлық жағдайды  жасайды. Тіпті бүгінде депутаттыққа үміткерлердің қатарында жастар да бар. Олар жастарға қандай мәселенің өзекті екенін біледі. Біздің жастардың көбі өз кәсібін бастауға қызығады. Сондықтан «Nur Otan» партиясы жастар үшін жылына 15-тен кем болмайтын өз ісін ашуға және бизнесті жүргізуге несие алуға мүмкіндік береді. Бизнес бастау үшін кемінде 200 адам үшін  қайтарымсыз гранттар беру жолымен жастарға қолдау көрсететін болады. Қалада волонтерлік клубтарды құру жолымен волонтерлік қозғалысты дамытуды ынталандыруға жәрдемдесетін болады. Бұл 2025 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3-тен 2,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, ‒ деді ол. Ал «Лучшие решение» ЖШС ұжымын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруді сұраған Азамат Үсімбеков «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін пайдалана отырып, жылына кемінде 100 жобаны партияның қолдайтыны туралы айтты.  

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары