«Nur Otan»: Ақтөбеде 5 жылда кемінде 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Ақтөбеде алдағы бес жыл ішінде кемінде 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясынан Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер зауыт жұмысшыларымен жүздесу барысында айтты.

Мұратбай Әжібаев, Айгүл Арынғазиева, Талғат Хамитовтар «Ақтөбе хром қосындылары зауытында» болып, мекеме ұжымымен кездесті. Өндіріс орнындағы жаңашылдықпен танысып, жұмысшыларды келесі жылы қаңтар айында өтетін сайлауға шақырды.

Кездесуде қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер зауыт жұмысшыларына партияның барлық салаға байланысты құрылған бағдарламаларын таныстырды. Сондай-ақ, партия жас буынның ғылыммен айналысуына, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге, жалпы медицина ғылымын қолдауға барынша оң ықпал жасайтындарын атап өтті. Соның дәлелі болар, жетекші партия құрамынан депутаттыққа үміткерлер арасында жастар да жетерлік.

‒ «Nur Otan» партиясының негізгі жеті бағыты бар. Бұл  бағдарламалардың ішінде жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік салаға үлкен назар аударады. Алға қойған жоспарлардың барлығы нақты бекітілген. Орындалатын дүниелер. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселеле болып тұр. Одан басқа спорттық кешендер бой көтеріп, тұрғын үйлер салынатын болады. Мәдениет саласына да аса назар аударылған. Біздің партия барлық жоспарды нақты қойып, оларды орындауға дайын. Мен әр зауыт қызметкерін алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамын, ‒ деді Айгүл Арынғазиева.

azhs

Ал кездесуде сөз сөйлеген Талғат Хамитов партия үшін дауыс беруді сұрады. Сонымен бірге алдағы сайлаудың бұрыңғы сайлауларға қарағанда ерекше болатынын жеткізді.

‒ Төрт жыл бұрын дауысты партияға емес, адамға беретін едіңіздер. Қазір өзгерді. Қалалық, облыстық, республикалық мәслихат депутаттығына кандидаттар әр тұрғынның сұрағына назар аударып, олардың мәселелрін нақты көтеруіне септігін тигізіп жатыр. Халықтың көтерген мәселесін біз қарастырамыз. Шешімі табылатын болады. Жыл сайын қаламыз дамып, жаңа ғимараттар салынады. Бес жыл ішінде кемінде 4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Жол, автобус, аялдама мәселелеріне де назар аударып отыр. Айта кететін болсам, 2021-2022 жылдары Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесіндегі 3 км автомобиль жолы қайта құрылады. 2021-2022 жылдары Ақтөбе-Орск автомобиль жолының 8 км жолы жөндеуден өтеді. «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолындағы» 13,8 км автомобиль жолын қайта жаңарады. Бір жыл ішінде кемінде 10 автобус аялдамасын орнатылатын болады, ‒ деді Талғат Хамитов.

whatsapp image 2020 12 29 at 15.25.07

Алдағы сайлауға қатысып жатқан «Nur Otan» партиясы экономика тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға бар күшін салады. Партия – барлық азаматтар үшін ашық. Бүгінгі кездесуде зауыт жұмысшыларына жетекші партияның барлық мүмкіндіктері баса айтылды. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мұратбай Әжібаев ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгерістер болып, тұрақты түрде дамитынын жеткізді.

Бағдарламада ауыл шаруашылығы саласына аса назар аударып, сол үшін барымша септігімді тигізгім келеді. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру саласында кемінде 9 жобаны іске асыру үшін жоспар құрылды. Келер жылы жылына 15 мың тонна қуаттылығымен балмұздақ және КМК цехы жаңартылады. Сонымен қатар 1,5 мың тонна балық өндіретін зауыт ашу жоспарда бекітілген. 500 бас ІҚМ арналған сүт-тауар фермасы ашылады. Қуаттылығы тәулігіне 3 тонна нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашылады. Қалада жыл сайын 60 жәрмеңке өтеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстың жергілікті өндірушілерімен жыл сайын кемінде 40 меморандум жасалатын болады. Бағдарлама аясында мен атап өткен шараларды іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шаруаларға барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, ‒ деді ол.

whatsapp image 2020 12 29 at 15.25.091

Айта кетейік, партия бағдарламасында алдағы бес жыл ішінде елді-мекендерге көгілдір отын тарту, ауыз-сумен қамту мәселелері енгізілген. Ел бойынша жаңадан 800 орта мектеп бой көтермек. 125 бала-бақша жөнделеді. Сондай-ақ, жол сапасын жақсарту, экологиялық жағдайды жақсарту ‒ бұл партияның болашақта атқаратын көп істерінің бірі ғана. Кездесу соңында зауыт жұмысшылары депутаттықтан үміткерлерге өз ұсыныстарын, мәселелері туралы айтты.

 

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Back to top button