Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды. «30 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%», – делінген хабарламада. 30-31 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. 31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы -25-30 градус, кей жерлерде - 35, ал 1 қаңтарда -30-35, -39 градусқа дейін күрт суытады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%. «30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Орал қаласында 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%», – делінген хабарда. 30 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%. «1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -31-36 градус, кей жерлерде -39-ға дейін суытады. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%», – дейді синоптиктер. Солтүстік-Қазақстан облысында ауа температурасы 27-32 градус аязға дейін күрт төмендейді, түнде 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 38 градус аяз болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 95-100%.
Жүктелуде...