245
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет.
30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында температура күрт төмендеп, 27-32 градусқа дейін аяз көтеріледі, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде аяз 30-35 градусқа дейін, кей жерде 38 градусқа дейін көтеріледі.
31 желтоқсан 1 қаңтар аралығында Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін аяз болады.
31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градусқа дейін төмендейді.
1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36 градусқа төмендейді, кей жерлерде 39 градус аяз. Қатты аяз кезде техногендік өрт көбейіп, халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйеде авария шығуы, көліктің бұзылу көбеюі мүмкін. Сонымен қатар үсіп қалу, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу барысында пәтердердегі жағдайдың нашарлау ықтималдығы бар.
Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар министрлігі ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балаларды көшеге шығармауға кеңес береді.