Доллар бағасы тағы да өсті

Доллар бағасы тағы да өсті

Доллар бағасы тағы да өсті
ашық дереккөзі
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы да қымбаттады. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 28 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,76 теңгеге өскен. АҚШ ақшасының орташа бағамы 420,40 теңге болды. Ұлттық банктің 29 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 419,87 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,63 теңге сатылса, ал сатып алу - 420,12 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,58 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 420,48 теңге.