Жаңа жыл мерекесіндегі әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Жаңа жыл мерекесіндегі әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Жаңа жыл мерекесіндегі әуе рейстерінің кестесі жарияланды
ашық дереккөзі
226
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы әуе рейстерінің кестесін жариялады. Министрліктің Telegram арнасында жарияланған ақпараттарға қарағанда, халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды. Барлығы 54 рейс жасалады: Біріккен Араб Әмірліктеріне - 16, Түркияға - 10, Өзбекстанға – 6, Беларусь пен Германияға – 4 рейстен, Мальдивке – 3, Оңтүстік Кореяға, Нидерландыға, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2 рейстен, Украинаға – 1 рейс. «Рейстердің ұшу уақыты мен күнін авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады»,-делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары