224
«Қазақ соқырлар қоғамының» мүлкін жымқырған зейнеткер қамауға алынды
«Қазақ соқырлар қоғамының» мүлкін жымқырған зейнеткер қамауға алынды
«Қазақ соқырлар қоғамы» ұйымының дүние-мүлкін жымқырған 65 жастағы ер адам ұсталды.
«Қызықты сілтемеге» кірген қазақстандықтардың жеке деректері ұрланады Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, бұрын сотталған 65 жастағы А. есімді азамат «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жылжымайтын мүлкін, яғни Алатау ауданында орналасқан жер учаскесін иемденіп, оны банкке кепілге берген. Кепілдік шарты бойынша жер банктің меншігіне өткен. Осылайша қоғамдық бірлестікке 370 млн теңге көлемінде материалдық зиян келді.
«Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталып, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.