194
"Ресейдікінен 2 есе қымбат": Қазақстан америкалық вакцинаны сатып алады
"Ресейдікінен 2 есе қымбат": Қазақстан америкалық вакцинаны сатып алады
Қазақстан Pfizer компаниясымен келісімге келіп, коронавирусқа қарсы вакцина жеткізуге қамданып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
«Бүкіл әлемде қазіргі таңда вакцинаны уақытша тіркеу туралы әңгіме айтылып жатыр. Бізде тіркеп, зерттеудің үшінші сатысының есебі бойынша уақытша тіркеуге мүмкіндік беретін тиісті ережелер әзірленді. Pfizer вакцинасы туралы айтар болсақ, оны -70 градусқа дейінгі қатаң талаптармен қатар, бағасы де ерекше. Ол ресейлік вакцинадан қарағанда екі есе қымбат. Біз бүгін Pfizer компаниясымен жарияламау туралы келісімге келдік. Бұл вакцинаны Қазақстан аумағына арнайы құжаттарды тапсыру арқылы жеткізу ісімен айналысуға дайынбыз», - деді Марат Шоранов.
Оның айтуынша, бәрі де аталмыш компанияның өндірістік қуаты мен мүмкіндігіне байланысты болады.
Айта кетерлігі, Қазақстан да қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасын тіркеу мәселесін қарап жатыр. Вакцина 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Н.Ф. Гамалея атындағы ЭМҒЗИ-да сапаны бақылау процесінен өтеді. Тексеру сәтті болған жағдайда 2021 жылғы 26 қаңтардан 11 ақпанға дейін препаратты Қазақстан Республикасында тіркеу жоспарлануда.