307
Жапония шетелдіктерге виза беруді тоқтатты
Жапония шетелдіктерге виза беруді тоқтатты
Коронавирустың британдық мутациясының пайда болуына байланысты Жапония бүгіннен бастап әлемнің барлық елдерінің азаматтарына мемлекетке кіру визаларын беруді тоқтатты. Бұл туралы елдің премьер-министрі Есихидэ Суга мәлімдеді.
— Біз халықтың денсаулығы мен қалыпты өмірін қорғау үшін жедел шаралар қабылдадық. Алдағы жаңа жылдық мерекеасін тыныш өткізейік, - деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр коронавирустың алдын-алу шаралары өзгеріссіз қалатынын еске салды. Ол жергілікті тұрғындарды қолжы жиі жуып, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге шақырды.
Виза беруге тыйым салу 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Алайда Жапония 28 желтоқсанға дейін берілген визаларды қайтарып алған жоқ. Тек Ұлыбритания мен Оңтүстік Африка азаматтарына берілген құжаттардың күші жойылмақ.