Алматыда жаңа жолайрығы ашылды

Алматыда жаңа жолайрығы ашылды

Алматыда жаңа жолайрығы ашылды
ашық дереккөзі
272
Алматыда Сайын көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында жаңа жолайрығы ашылды. Оның көлік өткізу қабілеті тәулігіне 200 мың автомобильді құрайды. Жолайрығының сапасын қала басшысы Бауыржан Байбек тексеріп, оның айналасын абаттандыру жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен. «Жасалған келісім бойынша құрылыс толық аяқталып, қаланың коммуналдық меншігіне берілу мерзімі қараша айы болатын, алайда қала басшылығының тапсыруы бойынша жолайрығын қозғалыс біршама көп болатын 1 қыркүйекте ашу жөнінде шешім қабылданды», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Ғани Мырзаханов. Жол айрығы соңғы технологияны пайдалана отырып салынды әрі сейсмикалық қуаты мықты. Ол 9 балл ға дейінгі сілкініске төтеп бере алады. Болашақта сайын көшесі мен Момышұлы 3 км ұзындықта бірігетін болады. Атап өтерлік жайт, қазіргі кезде тағы да 4 жолайрығының құрылысы басталды, бұлар 2018 жылы пайдалануға беріледі

Серіктес жаңалықтары