Сабина Алтынбекованың тойынан видео жарияланды (видео)

Сабина Алтынбекованың тойынан видео жарияланды (видео)

Сабина Алтынбекованың тойынан видео жарияланды (видео)
ашық дереккөзі
Күні кеше мұсылманша некесін қидырған қазақстандық волейболшы ару Сабина Алтынбекованың тойынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жариялануда. Тойдың карантин талаптарына сай шағын құрамда өткені байқалады. Видеода Сабина Алтынбекова мен оның жолдасы Саят Салманұлы мерекелік тортты бірге кесіп, волейболшы ару тортты алдымен енесіне ұсынып жатқанын, ал олардың жанында белгілі актер Дәурен Айдарқұловтың тұрғаны байқалады. Айта кетейік, қазақстандық танымал спортшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын. Жас жұбайлардың некесін танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы қиды. Белгілі жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Сабина Алтынбекованы тұрмысқа шығуымен құттықтап, бақыт тіледі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Samal (@samal.5781)