Жалағашта 11 өңдеуші кәсіпорын ашылады

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында өнеркәсіптік өндіріс өсімі күтілуде. Бұл мақсатта Nur Otan партиясы мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар есебінен 11 өңдеуші кәсіпорының ашылуына ықпал етпек. Олардың қатарында қуаттылығы тәулігіне 5 мың дана күйдірілген кірпіш өндіру зауыты, асфальт бетон зауыты, картоннан қағаз өнімдерін және жарық шамдарын шығаратын цех бар. Нәтижесінде, бес жылдықта 4,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Аудандағы осындай берекелі бастамалар туралы облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Садық Мұстафаев, Жақсылық Үздембаев, Қаншагүл Мұстафаева, Ерхан Бақбергенұлы Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен экспромт-кездесу барысында атап өтті.

Алдын ала жоспарланбаған ашық кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы мен алдағы бес жылдықта атқарылатын жұмыстары жөнінде баяндап, сала өкілдерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады. Тосыннан болған жүздесуде ауданды газбен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу мәселелеріне қатысты сауалдар қойылды.

– Nur Otan партиясы Жалағаш ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін бес жылдық бедерінде 95 пайызға жеткізуді межелеп отыр. Сондай-ақ елді мекенішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесінің түбегейлі шешілуіне ықпал етеді. Бұл мақсатта ауданда жалпы ұзындығы 74,7 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2025 жылға қарай 100%-ға жетпек, – деді үміткер Жақсылық Үздембаев.

Айта кетейік, партия 2022 жылға дейін Жалағаш кентіндегі халықты орталықтандырылған газбен қамтамасыз етіп, ауданға қарасты Ақсу, Шәменов елді мекендеріндегі халықтың көгілдір отынның игілігін көруге ықпал етеді. Және әлеуеттің әл-ауқатын арттыратын ауқымды шаралар алдағы жылдары жалғасын табатын болады.

Экспромт кездесу соңында тұрғындар елімізді жарқын болашаққа, толайым табыстарға жеткізген партияның сайлауалды бағдарламасында бірқатар салаларды ілгері жылжыту және экономикалық ахуалды жақсарту тұрғысындағы бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізіп, алдағы сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

Nur Otan партиясы Қызылорда облысының
Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Back to top button