Елімізде арақ-шарап қымбаттайды

Елімізде арақ-шарап қымбаттайды

Елімізде арақ-шарап қымбаттайды
ашық дереккөзі
1600

Елімізде алкоголь өнімдерінің бағасы қымбаттады. Ел үкіметі арақ-шарап өнімдері бір литрінің ең төменгі бағасын 1300 теңге деп белгіледі. Бұл қаулы енді 10 күннен кейін күшіне енбек. ҚР Үкіметі алкоголь өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын көтеруді акциздің қымбаттауымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, еліміздегі негіхгі тауарлардың бағасын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Беларусь, Армения мемлекеттеріндегі бағамен теңестіру қажет болған екен. Айта кетейік, өткен жылы елдегі арақ-шарап өнімдері бір литрінің ең төменгі бағасы 1120 теңге болып бекітілген. Ал бұл баға 2016 жылы 1600 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Ал көршілес Ресейде ағымдағы жылдың ақпанында арақ бағасы 2009 жылдан бері алғаш рет арзандаған еді. Ол кезде Ресей арақ-шарап нарығын реттеу федералдық қызметі жарты литрлік арақтың бағасын 185 рубль деп бекіткен.

Серіктес жаңалықтары