782
Диетолог шоколадтың ағзаға ең пайдалы түрін атады
Диетолог шоколадтың ағзаға ең пайдалы түрін атады
Кәсіби диетолог Мира Илич гоколадтың ең пайдалы түрін атады. Маманның ұсыныстары Огайо штатының Кливленд қаласында орналасқан американдық клиниканың сайтында жарияланған.
Оның айтуынша, какао бұршақтарындағы флавоноидтардың арқасында шоколадтың жүрек жұмысына пайдасы мол. "Бұл — антиоксиданттар, олар сіздің денеңіздегі жасуша бұзатын бос радикалдармен күреседі", — деп түсіндірді маман. Флавоноидтардың арқасында шоколад холестерин деңгейін бақылайды, қан қысымын және қан ұйығыштарының пайда болу қаупін азайтады, сонымен қатар өмірлік маңызды дене мүшелеріне қан ағымын жақсартады.
Мира Илич қара шоколадқа артықшылық беруге шақырады, өйткені оның құрамында флавоноидтарға бай какао бұршақтары көп. "Құрамында 70-тен 85 пайызға дейін какао бар шоколадты жеуге тырысыңыз", - дейді диетолог. Ол сондай-ақ қандай да бір қоспасы бар шоколадтан бас тарту керегін ескертті. Тек құрамында жаңғақ пен жемістер бар шоколадтан қорқудың қажеті жоқ.
Маманның айтуынша, шоколадтың күнделікті жеуге рұқсат етілген мөлшері —30 грамм. Ол бұл десерттің стандартты плиткасында, әдетте, 100 грамм бар екенін, сондықтан күніне бір плитканың үштен бір бөлігінен артық жемеуге кеңес берді.