«Таңдауға мәжбүрлеген»: Alibaba Group-қа қатысты тергеу басталды

«Таңдауға мәжбүрлеген»: Alibaba Group-қа қатысты тергеу басталды

«Таңдауға мәжбүрлеген»: Alibaba Group-қа қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
242
ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы электрондық коммерция алыбы Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу процедурасын бастады. ҚазАқпараттың ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасап ұсынған ақпаратында: «Заңға сәйкес, Alibaba Group-қа қатысты монополистік әрекеттерге күдік бойынша тергеу басталды», – делінген. Alibaba Group сатушыларды «екеудің біреуін таңдауға» мәжбүрлеген, яғни тек олармен ғана жұмыс істеп, сауда алыбының бәсекелестерімен жұмысты тоқтатқан. Alibaba Group бейсенбіде хабарлама алғанын және реттеушілердің тергеуіне белсенділік танытып көмектесетінін растады. Alibaba Group компаниясының Гонконг қор биржасындағы акцияларының бағасы 8,1%-ға төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, Alibaba Group Қытайдағы ең ірі электрондық коммерция платформаларын, соның ішінде Taobao-ны басқарады.

Серіктес жаңалықтары