Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады?

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады?

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады?
ашық дереккөзі
238
Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) мен бірінші орта дивизиондағы WBO титулының бұрынғы иегері Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) арасындағы жекпе-жек өткізу мәселесі талқыланып жатыр, – деп жазды Sports.kz. Тараптар жекпе-жекті 2021 жылдың мамыр айында – Мексикада 5 мамырда тойланатын Синко де Майо мерекесіне орай демалыс күндері өткізуді қарастыруда. Бұған дейін Golden Boy компаниясынан Мунгияның бірлескен промоутері Эрик Гомес мұндай жекпе-жекке ашық қызығушылық білдірген болатын. Еске сала кетсек, GGG соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда Голливудта, Флоридада өткізген еді. Головкин қарсыласы Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің салмақ дәрежесінде рекордтық 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап шықты. Бүгінде қазақстандық боксшының IBF және IBO титулдары бойынша белдіктері бар.

Серіктес жаңалықтары