ОҚО әкімі: Бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің өз ағаш көшетін отырғызуды ұсынамын

ОҚО әкімі: Бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің өз ағаш көшетін отырғызуды ұсынамын

ОҚО әкімі: Бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің өз ағаш көшетін отырғызуды ұсынамын
ашық дереккөзі
277
  Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Шымкент қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген №54 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, жаңа оқу жылында шәкірттерге сәттілік тіледі. «Еңбектің ең үлкені – Білім! Жаһандану процесі барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Биыл 73 мыңнан аса бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, төрт мыңға жуық балаға көбейген. Мен облысымызда бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің мектеп алаңына өз ағаш көшетін отырғызуды ұсынамын. Бұл жақсы дәстүрге айналса екен деймін. Әрбір оқушы өз ағашының көркейгенін көріп өссе, келешекте мейірімді, қоршаған ортаға жанашыр болады. Бұл да бала тәрбиелеудің бір амалы деп ойлаймын», - деді облыс әкімі. Айта кетейік, Абай ауданына қарасты «Ынтымақ» шағын ауданы халқының күн санап өсуіне байланысты бой көтерген жаңа мектеп 900 балаға шақталған. Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын типтік оқу орны 3 қабатты. Мектепте 29 оқу кабинеті, химия, физика, биология лабораториялары, мультимедиялы – лингофонды, компьютер класы, кітапхана, мәжіліс және оқу залы бар.

Серіктес жаңалықтары