Дүкендер мен қоғамдық орындарда экспромт-кездесу ұйымдастырылды

Дүкендер мен қоғамдық орындарда экспромт-кездесу ұйымдастырылды

Дүкендер мен қоғамдық орындарда экспромт-кездесу ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Сайлауға санаулы уақыт қалған сайын аудандағы нұротандықтардың сайлауалды насихат жұмыстары ерекше қарқын алуда. Аудандық сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихатқа үміткер Исатай Ғабдуллин мен аудандық мәслихатқа үміткерлер Айбарша Бейсова мен Анарбек Белисанов сайлаушылармен онлайн форматта кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Аудандық аурухана башысы Анарбек Белисановқа қойылған сайлаушылар сауалы негізінен денсаулық мәселесі төңірегінде болды. Дәрігер маман тапшылығы, бірыңғай жиынтық төлем мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы сауалдарын жолдады. Үміткер Анарбек Белисанов аудан азаматтары көтерген мәселелер бойынша толыққанды жауап беріп, ұлт саулығы, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық саладағы атқарылмақ іргелі шаралар туралы да егжей-тегжейлі баяндады. Бисен ауылдық округінде аудандық мәслихатқа үміткерлер Ермек Меңдешев, Елубай Насыров пен Екатерина Мөкешева дүкендер мен қоғамдық орындарға барып, экспромт-кездесу ұйымдастырып, ауыл тұрғындарын сайлауға шақырып, дұрыс таңдау жасауға үндеді. «Есіктен есікке» акциясы аясында ауылдың аға буын өкілдерімен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Ауыл ақсақалы Елеу Елемесов жастардың жұмыссыздығы, азық-түліктің қымбаттығы мен жолдың жайын айтып, үміткерлердің тиісті деңгейде көтеруін сұрады. Аудандық мәслихатқа үміткер Мәншүк Мұхамжарова канвассинг шарасы аясында ауылдастарының үйіне арнайы барып,  Nur Otan партиясының бүгінгі жетістіктерін жалғастыруға мүдделі институт екенін айтып, партияның жеті басым бағытымен таныстырып, сайлауға барып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы. Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.