245
Ақмола облысында балаға күш қолданған тәрбиешіге қатысты іс қозғалды (видео)
Ақмола облысында балаға күш қолданған тәрбиешіге қатысты іс қозғалды (видео)
Ақмола облысының Щучье қаласындағы балабақшада балаға дөрекілік танытқан тәрбиешісінің әрекетіне қатысты тексеріс жүріп жатыр.
Оқиға Щучье қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алған. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Онда тәрбиешісі отырған баланың астындағы орындығын тартып алады, кейін ұйықтап жатқан төсегінен тұрғызып, сүйреп алып кетеді. Әрі қарай не болғаны белгісіз.
«Осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіледі. Қазіргі кезде тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады», - деді облыстық білім басқармасы.
Сонымен қатар, Полиция департаменті тәрбиешіге қатысты іс қозғалғанын жеткізді.
«Кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті тәрбие мекемесі қызметкерінің іс-әрекетін, сондай-ақ, Щучинск қаласының тұрғынынан келіп түскен өтінішті назарға ала отырып, Бурабай ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі «кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады», - деді ведомстводан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram