Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы Парламенттiң екiншi сессиясын ашты

Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы Парламенттiң екiншi сессиясын ашты

Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы Парламенттiң екiншi сессиясын ашты
ашық дереккөзі
248

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы Парламент палаталарының бiрлескен отырысын ашты, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгiн Қазақстан Парламенті VI шақырылымының екiншi сессиясы өз жұмысын бастайды. Жаңа жасақталған Парламенттiң бiрiншi сессиясы биылғы жылдың 25 наурызынан 30 маусымына дейiн созылған болатын.

Бірінші сессияда жалпы 3 бірлескен отырыс, Мәжілісте 12 және Сенатта 6 пленарлық отырыс өттi. Парламентке 42 заң жобасы ұсынылған, оның 18-і өткен шақырылымнан ауысқан құжаттар болса, 24 заң жобасы осы сессияның жұмысы барысында түстi. Сондай ақ, депутаттардың өздері 7 заң жобасына бастамашы болған. Сессия барысында Мәжiлiс 13 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберген. Жалпы, Парламент 12 заң қабылдады.

Еске салсақ, биыл 20 наурызда Мәжіліске кезектен тыс сайлау және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Парламентке «Нұр Отан», ҚКХП, «Ақ жол» саяси партиялары өтті және Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.

Серіктес жаңалықтары